Құрметті қызметкерлер, оқутышылық-профессорлық құрам және студенттер!




15.02.2013

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 29 тамыздағы «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда «Сынақтарды жою біздің миссиямыз» деген мағынаны білдіретін, «АТОМ» деп аталатын халықаралық жобаны қолға алды. Жаңа бастамаға жер-жаһандағы кез-келген азамат қатыса алады. Ол үшін арнайы www.theatomproject.org сайтына кіріп, ядролық қарусыздану жолындағы бастамаларды қолдайтынын білдіруі қажет және Қазақстанның бастамасына өз үнін қосуы керек.Егерде сіз ядролық сынақтарға қарсы болып, қарусыз әлемді қолдасаңыз www.theatomproject.org сайтына кіріп, онлайн-петицияға қол қоюларыңызды сұраймыз.