Рухани жағыру «Бір ел – бір кітап»




05.11.2018

2018 жылдың 1 қарашада сағат 15.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасында «Бір ел – бір кітап -2018» Республикалық акциясының шеңберінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, Халық қаһарманы, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған «Еске алу кешіне»  университеттің 1 курс Стоматология мектебінің 18-005-1, 2  топтар, Педиатрия мектебінің  18-006-2  тобы,  Фармация мектебінің (ФӨТ мамандығы бойынша)   18-005-2 топ студенттері  қатысты. Аталмыш іс-шараны тілдер пәндері кафедрасының аға оқытушылары З.Қ.Көкенова, Ұ.А.Ботатаева, Б.Н.Қанленова  ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігімен бірге ұйымдастырды.

Студенттер кітапхана қызметкерлері әзірлеген Бауыржан Момышұлының өмірі, отбасы мүшелері, ҰОС кезіндегі ерлігі, еңбегі, шығармашылығы туралы кітап және фотосуреттер көрмесімен танысып шықты.

Іс-шараға шақыртылған жастар: біздің университеттің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің, Б.Момышұлы атындағы «Ұлан» әскери оқу орнының курсанттары, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері және т.б.  Бауыржан Батыр атамыздың жазушылық шығармашылығын зерттеген, өз ұлындай болып, ол кісінің қамқорында болған замануи жазушы Мамытбек Қалдыбаймен,  «Төле би» қоғамдық қорының директоры, жазушы Оралжан Масатбаевпен, сыншы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлымен кездесу шарасына қатысып, көптеген, оларды қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Қатысушыларға Батырдың      өмірі, ҰОС кезіндегі фашист басқыншыларымен шайқастардағы ерлігі, соғыстан кейінгі қоғам қайраткері, жазушы ретінде шығармашық туындыларынан  әзірлеген слайдтардан мазмұнды тұсаукесер көрсетілді. Біздің студенттер де басқалардан қалыспай, сұрақтар қойды, қонақтармен бірге суретке түсті, қатысқан жазушылардың қолтаңбаларын естелікке жаздыртып алды.

Кештің  барысында  Халық Қаһарманы Бауыржан атамыз көзі тірісінде сүйіп тыңдайтын термелер мен патриоттық әндерді студенттер орындап беріп, қонақ ағалардың ойынан шықты.   Жастар елімізге еңбегі сіңген қоғам қайраткрлері, белгілі  жазушылардың  батасын алып, іс-шара өз мәресіне жетті. Аталмыш шара бірінші курс студенттері, болашақ Отан қорғаушылар «Ұлан» әскери оқуының курсанттары, ҚАЖД қызметкерлері үшін де патриоттық сезімге бөлейтін, ұрпағына бақытты тәуелсіз өмір сыйлаған  Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы жайлы Ексе алу кештің елеулі тәрбиелік мәні зор болды.

Тілдер пәндер кафедрасының аға оқытушысы Кокенова Закира Қонысбекқызы