С.А.Асфендияроватындағы ҚазҰМУ-дың «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Медико-профилактикалық ісі», «Фармация» мамандықтарының 2 курс магистранттары коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасында педагогикалық практика өтуде.

12.02.2015

2013-2014 оқу жылынан бастап 2 курс магистранттары   коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология  кафедрасында педагогикалық практикан өтеді.Педагогикалық практиканың мақсаты – магистранттарда жоғары оқу орнында сабақ беру дағдыларын қалыптастыру,  медициналық жоғары оқу орнында оқу үрдісін ұйымдастыру жолдарын, оқытудың жаңа технологияларын меңгерту,сабақ талдаудың ережелерімен танысып, сабақ талқылауды үйрену. Биылғы оқу жылында магистранттар студенттерге күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сай өз мамандықтары бойынша  ашық сабақтар, ашық тәрбие сабақтарын өткізіп, сабақ өткізудің белсенді және интербелсенді әдістерін қолдана алатындарын іс жүзінде көрсетті.

Магистрантар және тьюторлар К.Ө. Қожамжарова, К.Т.Қашағанова, С.Т.Ерназарованың      ұйымдастыруымен «Ұлы жеңіске 70 жыл» тақырыбына ашық тәрбие сағаты өткізді. Іс-шараға жалпы медицина факультетінің  3курс студенттері және кафедра оқытушылары қатысты.

Іс-шарада Ұлы Отан соғысына қатысқан өз жерлестеріміз Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және  бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі  еске алынды.  Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды сәт үнсіздікпен еске алдық. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

963