Сәуір айының 20-жұлдызында ҚазҰМУ-да Ғылым күні!!!




19.04.2011

Осы атаулы күнге байланысты университетімізде шара өткізілмек. Студенттердің ғылыми бағыттағы жұмыстары таныстырылып, ең үздік жұмыстар анықталады! Іс-шаралар сағат таңғы 9.00-ден кешкі 17.00 аралығында өткізіледі.

Бағдарламада Халықаралық гранттар, стипендиялар және бағдарламалар көрмесі, отандық авторлардың еңбектерінің көрмесі, флэш-моб, «СПИД не СПИТ» атты сахналық көрініс, «Медицина жетістіктері» атты көрме, «Subject SCAN» атты сынақ учаскесі, «Еліміздегі шет елдік мамандарды тарту тиімділігі және шет елдерде кәсіби тәжірибе, еліміз үшін тиімділігі» атты дебат ойыны, «Ғылым және өмір» атты қолөнер көрмесі, «Репродуктивное здоровье» және «Правильное питание» тақырыптарында семинар-тренингтер сияқты бірқатар қосымша іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.