С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ 2-ЖЫЛҒЫ ҚАДАҒАЛАУ АУДИТІ




21.06.2013

2013 жылдың 5-7 маусым аралығында  РМК-дағы ШЖҚ-да «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің» сапа менеджмент жүйесі қызметінің  халықаралық ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестігін растау мақсатында халықаралық SGS компаниясы 2-жылғы қадағалау аудитін өткізді.

Аудитты бас аудитор Махмудов А.Р., аудитор Попова О.Н., денсаулықсақтау  саласындағы сарапшы Локшин В.Н жүргізді.

Басшылықтың (ректордың)   және университеттің бөлімшелерінің қызметін бағалау келесі аудит жоспары бойынша жүргізілді:

№ р/б Бөлімдер: 11. Медико-профилактикалық факультет деканаты
1. Кадрлар есебі және мониторингі бөлім 12. Педиатрия оқу департаменті
2. Кадрлар рекрутингі бөлімі 13. Клиникалық жұмыс департаменті
3. Оқу үдерісін жоспарлау және бақылау бөлімі 14. Студенттердің әлеуметтік- мәдени құзіреттілік департаменті.
4. Аймақтарға ғылыми технологияларды инновациялау және трансферттеу бөлімі 15. Басқару және даму стратегиясы департаменті. Сапаның басшылық өкілі
5. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту  бөлімі 16. Жалпы білім беру оқу департаменті
6. Оқу -әдістемелік жұмыс бөлімі 17. Тіркеуші-кеңсе басқармасы
7. Сапа менеджмент жүйесі бөлімі 18. Мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтаушы басқармасы
№ р/б Орталықтар,  зертханалар № р/б Кафедралар
8. Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім рефорасын ғылыми тұрғыдан негіздеу Орталығы 19. №1 интернатура және резидентура  терапия кафедрасы
9. Трансляциялық зертхана (Клинико – тәжірибелік зертхана) 20. Хирургия кафедрасы пластикалық хирургия курсымен
№ р/б Департаменттер, деканаттар,басқармалар 21. Балалар хирургия кафедрасы
10. Жоғарғы медициналық мектебі (интернатура) кәсіби дайындық факультет деканаты)

 

Қорытынды  мәжілісте  SGS аудиторлары  ҚазҰМУ-дың сапа  менеджмент жүйесінің  күшті  жақтарын анықтады:

1. Басшылықтың көшбасшылығы;

2. Қызметкерлердің біліктілігі;

3. Ішкі аудиторлардың жұмысы;

Аудиторлар  келесі құрылымдық бөлімшелер жұмысының сәйкес  деңгейде екенін анықтады:

  1. Аймақтарға ғылыми технологияларды инновациялау және трансферттеу бөлімі
  2. Студенттердің әлеуметтік және мәдени құзіреттілігін дамыту департаменті
  3. Жоғарғы медициналық мектебі
  4. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлімі

Сонымен бірге SGS аудиторларынан үдерісті жақсарту үшін бірнеше қатаң  ұсыныстары болды:

-құжаттарды және жазбаларды басқару;

– ПОҚ және құрылымдық бөлімшелердің қызметінің бағалау өлшемін анықтау және қызмет тиімділігіне талдау жасау;

– жабдықтың техникалық қызмет етілуін жоспарлау және аудиториялық қордың тиімді пайдалануын бақылау.

SGS компаниясының аудиторлары С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басқару жүйесінің ИСО 9001:2008 стандарт талаптарына сәйкес және жүйенің жүйелі түрде қызметтерге келісімді талаптарды ұйымның саясаты, мақсаттары және жүйесінің қолданылуы аясында көрсетілгендігін тұжырымдады.

Сапа менеджмент  жүйесі бөлімі міндетті дәрежелі сапаны көрсеткен барлық құрылымдық бөлімшелерге, ішкі аудиторларға, жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің СМЖ үшін жауаптылармен қызметкерлеріне сапа идеясын ұстанымдылығына, кәсіптілігіне  алғысын білдіреді және табысқа жетулеріне тілектеспіз!

   Сапа менеджмент  жүйесі бөлімі


PISMO_KAZNMU01