Тәуелсіздіктің дәуірі басталған кезең атты дөңгелек үстел Есебі




07.03.2018

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Этикалық кеңесі, Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың      6 наурызында  өткен «Тәуелсіздіктің дәуірі басталған кезең»

(Назарбаев оқулары) атты дөңгелек  үстелдің

Есебі

Дөңгелек  үстелде Этикалық кеңестің төрайымы, м.ғ.д., профессор

Ж.Ғ.Мұстафина ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»

атты кітабы туралы қысқаша айтып өтті. Ол кітапта Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалғанына тоқтала келе, бұл отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды деді.  Елбасы айтқандай тіл саясатына, қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесіне баса назар аудару қажеттігін және Қазақстан халқы бүкіл әлемде үштілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс екендігін атап айтты.

Қазақ  тілі  және кәсіби қазақ тілі  кафедрасының  меңгерушісі,  доцент З.А.Абдуллина жаңа кітап біздің заманымыздың ғаламдық мәселелеріне назар аудартады. Сонымен қатар, Қазақстан динамикалық мемлекет ретінде XXI ғасырда тиімді әлемдік тәртіпті өз көзқарасын қалыптастырғандығы. Қазақстан Республикасының Орталық Азия сияқты аса сезімтал және геосаяси тұрғыдан маңызды аймақта болғаны Қазақстан дамуының айтарлықтай нәтижесін көрсетіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның одан әрі дамуы үшін нақты мақсаттар қойып отырғанындығы жөнінде айтылады. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді. Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар екендігін  айтты.

Кафедра доценті Б.Ж. Доскеева «Қазақ мәдениеті мен өнерінің қайта түлеуі»  тақырыбындағы  баяндамасында біздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі өткен өміріміз, өткелдеріміздегі қазақ мәдениеті мен өнерінің қалай дамығанын Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» туындысындағы мәліметтер арқылы жеткізді.

Доцент Р.Н.Дәрменқұлова «Жаңа тіл саясаты» туралы баяндамасында Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекетіміздің ұлт саясатының ажырымас бөлігі дей келе,  жаңа тіл саясатының міндеттеріне тоқталды:

Ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек.

Доцент Т.Қ.Зайсанбаев «Латын әліпбиі – тіл тәуелсіздігіне апаратын жол» атты баяндамасында қазақ жазуының тарихына қысқаша тоқтала келіп, А.Байтұрсынұлы түзген әліпбидің артықшылықтарын ашып көрсетті. Ол латын әліпбиіне ауысқанда жететін жетістіктерімізді былай саралап шықты:

  1. Қазақ тіліне тән емес, басы артық дыбы стардан арыламыз, нәтижесінде жазу жеңілдейді;
  2. Халықаралық терминдерді қазақ тілінің заңдылығына бейімдеп жазуға мүмкіндік туады;
  3. Шетелдегі қазақтардың қазақстандық басылымдарды оқуларына мүмкіндік туады;
  4. Ағылшын тілін тез меңгеруге ықпал етеді;
  5. Түркі тілдес халықтар арасында байланыс нығаяды.

Педиатрия факультетінің 17-008-1 топ студенті Серғазина Анель «Трёхъязычие будущее Казахстана»  атты  баяндамасын  оқыды.

Дөңгелек үстелге Этикалық кеңесінің төрайымы, м.ғ.д., профессор Ж.Ғ. Мұстафина, Ғылыми кітапхана, қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушылары, жалпы  медицина  факультетінің  4  курс  студенттері  қатысты.

 

 

Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, магистр А.С.Бураханова