С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрылымдық ахуалын зерттеу




23.10.2013

Зерттеу 2013 ж. Наурыз-шілде аралығында Орвилл Адамс (Канада) визитинг-профессоры мен ҚазҰМУ БСЗБ және МБРҒН орталығының қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. Бұл БСЗБ және МБРҒН орталығы үшін респонденттер пікірін халықаралық деңгейде зерттейтін алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысы.  Респондеттерге ұсынылған сауалнама сұрақтары университеттегі еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктерін, жалпы ахуалды және университет жұмысының өнімділігін арттыру механизмдерін анықтауға бағытталды.

Зерттеу нәтижелерін, ашылған мәселелерді,ҚазҰМУдағы жұмыстардың барлық түрлерін жақсартудың келесі тактикаларын анықтау мақсатында 09.10.2013 ж. ректор А.Ақанов төрағалығымен мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында Орвилл Адамс және Талғат Қилыбаев зерттеудің негізгі нәтижелері мен жақсарту ұсыныстарын ортаға салды (есептің толық нұсқасын құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан алуға болады). Талқылау барысында ректор А.Ақанов және ҚазҰМУ бөлімшелерінің басшылары тарапынан орындалған жұмысқа баға беріліп, университеттегі іс-әрекеттердің барлық түрлерін жетілдіру ұсыныстары алға қойылды. Университетті дамыту институтының директоры О.М. Мырзабеков келесі мәселелерді шешуге көңіл бөлуді сұрады: жаңа құрылымдық бөлімшелердің және Ғылыми кеңесте бекітілген концепциялар мен стратегиялардың нәтижелілігіне анализ жасау, барлық құрылымдық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын қайта қарау, ҚазҰМУдағы үлкен көлемдегі құжат айналымының себептерін зерттеп, оны жүйеге келтіру бойынша ұсыныстар беру.

Орвилл Адамс осындай зерттеуді 2 жылдан соң қайталап жүргізіп, екі нәтижені салыстыруды ұсынды. Мәжіліс аяғында А. Ақанов және оған қатысушылар Орвилл Адамс пен БСЗБ және МБРҒН орталығына жүргізген жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.