С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық стандарттың жаңа нұсқасы ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат алды




10.08.2017

2017 жылдың 28-30 тамыз аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сапа менеджменті жүйесі ресертификациялық аудиттен өтті. Тексеру барысында университеттің сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартқа сәйкес табысты жағынан неғұлым елеулі өгергенін бағалады.

Аудитті тәуелсіз сараптау саласындағы әлемдік көшбасшы, менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша халықаралық ірі ұйым SGS (Швейцария) компаниясы жүргізді.

Қазіргі уақытта Университет отандық денсаулық сақтауды дамыту мен медициналық мамандарды дайындау жүйесіне салмақты үлес қосуда және озық тәжірибені тарату бойынша ең үздік білім ордасының бірегейі болып табылады.

SGS халықаралық ұйымы тексеру қорытындысы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарт ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін растап, 3 жылға сертификат берді.

ҚазҰМУ еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасынан бірінші болып халықаралық стандарттың жаңа нұсқасы ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат алды!

Университет ұжымын СМЖ ресертификациялық рәсімінен табысты өтуімен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!