С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясын жүзеге асыру туралы ЕСЕП




23.01.2015

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясын жүзеге асыру туралы

ЕСЕП

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясын жүзеге асыру шеңберінде 2014 жылы Университеттік клиникаларда мейірбикелік істі жетілдіру үшін мына іс-шаралар жүргізілді:

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық деңгейде материалдық-техникалық ахуал мен ресурстарға талдау жүргізілді, проблемалық зоналар анықталып, сол проблемаларды шешу және басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Сонымен қатар, мейірбикелік көмек көрсету және мейірбикелік процессті басқару модернизацияланды, мейірбикелік бақылау картасы жетілдірілді.

Әріптестікті дамыту саласында Карлов Университетімен (Прага, Чехия), Саутгемптон Университетімен (Ұлыбритания) С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасында ынтымақтастық, кездесулер мен семинарлар ұйымдастыру туралы Меморандумға қол қойылды.

«Университет күндері – 2014» шеңберінде С.Ж. Асфендияровтың 125 жылдығына арналған «Мейірбике ісін жетілдірудің өзекті сұрақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді (4 желтоқсан, 2014 жыл).

Конференция жұмысына Литва (Денсаулық ғылымдары Литва университеті), Чехия (Карлов Университеті), Тайвань (Тайпей медициналық университеті), Япония (Азия-Тынықмұхит университеті) сияқты елдердің өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Қазіргі таңда мейірбикелер Ассоциациясын құру және халықаралық деңгейге жету бойынша жұмыстар атқарылуда.

  1. Мейіргерлік қызметті басқару жүйесін жетілдіру деңгейінде мейірбике-менеджерлердің лауазымдық нұсқаулықтары халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қаралды және ҚазҰМУ Университетінің барлық клиникаларында нормативтік-құқықтық база жетілдіріліп, мейірбикелік іс бойынша менеджер лауазымы қарастырылған. Әрбір клиникада мейірбикелерді кезеңдік қайта даярлау жоспары бар.

Бүгінгі таңда, мейірбике-менеджер және түрлі деңгейдегі мейірбикелерді оқыту, визитинг-профессорларды және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ теориялық және клиникалық кафедралардағы профессорлық-оқытушылық құрамды шақыру арқылы Дипломнан кейінгі білім беру Институтының біліктілікті көтеру туралы куәлігін беріп жүзеге асырылады. Мейірбике-менеджер және түрлі деңгейдегі мейірбикелерді даярлау және қайта даярлау бойынша

Чехия, Италия, Жапония елдерінен визитинг-профессорлар және практикалық денсаулық сақтау саласындағы өкілдер Университеттік клиникаларға консультативтік көмек көрсету үшін шақырылды.

АМСК деңгейінде жандық нормативтің стимулдеу коэффициентін (СКПН) енгізу арқылы стимулдеу жүйесі жасалды. Қабылданған компетенцияларға сәйкес, стационарлық деңгейдегі мейірбикелер еңбегін стимулдеу жүйесін құру үшін, мейірбикелер қызметін бағалау механизмдері әзірленіп жатыр.

Мейірбике-менеджерлер Университет клиникалырын басқаруға қатысады және мейірбике ісі бойынша атқарушы Кеңестің мүшелері.

Нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес АМСК деңгейінде дәрігерден мейірбикеге құзіреттіліктерді беру бойынша бағдарлама енгізілді.

Мейірбике-менеджер және түрлі деңгейдегі мейірбикелерді дарлау және қайта даярлау  бойынша оқу орталығын ашу 2015 жылы жоспарлануда.

  1. Білім беру деңгейінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі мейірбикелерді әрі қарай оқыту мақсатында аттестациядан өткізілді.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникаларындағы мейірбикелер үшін шетелдік тәжірибеден өту ұйымдастырылып (ақпан, 2014 жыл), Чехияның білім беру және емдеу-профилактикалық ұйымдарының жұмысы таныстырылды:

  • Мейірбикелер Үйі. Острава – ФБО факультеттік ауруханасы. (аурухана туралы ақпарат: ауруханадағы, емханадағы бөлімше жұмысымен танысу);
  • «Подсолнухи» қарртар Үйі;
  • Остравтағы Әулие Лукаш Хосписі;
  • «Team4You» Компаниясы – HemaGel препарат – Жараны бақылау бойынша гиспиталдық командамен танысу;
  • «STAPRO» Компаниясы – ауруханалық ақпараттық жүйе, мейірбикелік бөлімдегі жүйе жұмысымен танысу;
  • Климковицы Санаториі (балалар мен ересектер реабилитациясы бойынша бағдарламалар);
  • Хомолка ауруханасы. JCI жүйесі туралы дәріс, аурухана бөлімшелеріндегі практикалық сабақтар, JCI жүйесінің мейірбикелік бөлімі;
  • Карлов Университет – «Мейірбикелердің коммуникациялық проблемалары» Семинары;
  • IK+EM Клиникасы – Кардиологиялық клиниканың трансплантация бөлімшесі. Мейірбикелік процесс. Науқастарды күтудің заманауи әдістері;
  • Карлов университет – «Мейірбикелік істегі білім беру процессі» Семинары.

2014 жылдың 17-30 қыркүйек аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдывқ денсаулық сақтау мектебінің базасында Университеттік клиникалардың мейірбике-менеджері (бас мейірбике) және Орталықтардың аға мейірбикелері үшін «Менеджмент және мейірбикелік процессті ұйымдастыру» тақырыбында біліктілік арттыру циклы өткізілді (ұзақтылығы – 108 сағат). Мемлекеттік үлгідегі куәлік берілді. Тыңдаушылар саны – 12.

2014 жылдың 1-14 қазан аралығында Біріккен Университеттік клинка базасында АМСК Орталығының мейірбикелері үшін «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді реформалау жағдайында орта медициналық персонал жұмысын жетілдіру» тақырыбында біліктілік арттыру циклы өткізілді (ұзақтылығы – 108 сағат). Мемлекеттік үлгідегі куәлік берілді. Тыңдаушылар саны – 11.

2014 жылдың 15-30 желтоқсан аралығында Біріккен Университеттік клинка базасында АМСК Орталығының мейірбикелері үшін «Мейірбикелік істің клиникалық аспектілері» тақырыбында біліктілік арттыру циклы өткізілді (ұзақтылығы – 108 сағат). Мемлекеттік үлгідегі куәлік берілді. Тыңдаушылар саны – 15.

2-4 курс студенттері өндірістік практиканы Университеттік клинкалар базасында өтті. Қазіргі таңда барлық Университеттік клиникаларда теориялық және клиникалық кафедралар орналасқан, олар түрлі деңгейдегі мейірбикелерге консультативтік көмек көрсетеді.

  1. Практикалық деңгей. Нозологиялар бойынша (артериалдық гипертония, қантты диабет) мейірбикелік көмек көрсету хаттамалары әзірленді.

АМСК деңгейінде дәрігерлік қабылдауға дейін мейірбикелік қарауды жүзеге асырады. Ақсай клиникасында мейірбикелік процесстің жаңа технологиялары, бір мейірбикеге келетін жүктемені азайту моделі апробациядан өткізілуде.

4 компетенция (пациент құқығы, коммуникация және этикалық принциптер, инфекциялық бақылау, кәсіби деңгей) және 3 деңгей бойынша функционалдық міндеттер әзірленді.

Теоретиялық дағдылар тест сұрақтары арқылы, ал практикалық дағдылар баллдық-әріптік жүйе бойынша әзірленген критерийлер арқылы Практикалық дағдылар Орталығында бағаланады. Берілген схемаға сәйкес Университеттік клиникалардың түрлі деңгейіндегі мейірбикелердің еңбегін төлеудің дифференциалды жүйесі әзірленеді.

 

  1. Ғылыми деңгей. Университеттік клинкаларда мейірбике ісінің менеджментін жетілдіру бойынша ғылыми жоба орындалды. ҚР БҒМ 2015-2017 жж. бағдарламалықмақсаттық және гранттық қаржыландыру бойынша Конкурсқа қатысу үшін 2 өтініш дайындалып, тапсырылды (сараптаманың 3 кезеңінен өтті) және 1 ғылыми жоба 2015 жылға университетішілік грант шеңберінде қаржыландыру алды, бұл жобаның ішінде Университеттік клинкаларда мейірбикелік ім моделін әзірлеу қарастырылған және Университеттік клиникалардың қызметкерлері, сондай ақ мейірбике-менеджерлер қатысады.

Саутгемптон Университетімен Британ Кеңесі қаржыландыратын «Ньютон-Аль Фараби» бағдарламасы шеңберінде ғылыми жоба әзірленді. Қазіргі кезде сараптама кезеңінде (аяқталуы – 2015 жыл, қаңтарының соңы).

«Мейірбикелік қызметті басқаруды жетілдіруге ұйымдастырушылық-функционалдық жолдар» әдістемелік нұсқаулықтары, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша оқу модулі әзірленді, мейірбикелік іс бойынша ғылыми-практикалық конференция материалдары жарияланды.

Жалпы алғанда, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясын жүзеге асыруға жоспарына сәйкес 31 шара қарастырылған, олардың 26 орындалды, 84%. Біраз іс-шаралар ұзақ мерзімге жоспарланғандықтан, 2014 жылы аяқталмаған шаралар 2015 жылы енгізілетін болады.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын орындау барысында мейірбике «Портфолиосы» әзірленіп, әрі қарай жұмыс және мониторинг үшін мейірбикелердің ақпараттық базасы құрылды.