С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісі» байқауының жеңімпазы




14.03.2013

2013 жылдың ақпан айында Стратегиялық Басқару және Даму Департаментімен «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісі» байқауына қатысу үшін тапсырыс берілген болатын. Тағайындау комиссиясы тәуелсіз сараптаманың көмегімен  біздің Университетіміздің айқындалған сапалы қызметінің негізінде, қоғамдық пікірді сұрастыру, тұтынушыларды телефон арқылы репрезентативтік сұрастыру,  Университет жайлы ұсынылған ақпараттар және басқа да зерттеулер, сонымен қатар комиссия отырысы хаттамасының  негізіндеС.Ж.Асфендияров атындағыҚазақ Ұлттық Медициналық Университетіне «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісін»тағайындау туралы шешім қабылдады.

«МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісі»жыл сайын конкурстық негізде, ұйымның  қоғамдық жауапкершілікке бағытталған өнім және/немесе қызметтің сапасы саласындағы айқын нәтижелерінің жетістіктері үшін, сонымен қатар ұйымның сапаны басқарудың аса тиімді әдістерін енгізгені үшін тағайындалады. Байқау ұйымдастырушысы – Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы

«МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісі» тағайындалысымен Университетімізге мүсінше және «МІНСІЗ» куәлігі тапсырылды, сонымен қатар  ҚазҰМУ «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісініңэмблемасын маңдайша жазбасында және жарнамалық мақсаттарда қолдану құқығына ие болды.

Құрметті Университет қызметкерлері жәнепрофессорлық-оқытушылық құрам!  Біз сіздерді «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісі» лайықты марапатымен құттықтаймыз.  Бұл ҚазҰМУ  ұжымының  медицина саласында жоғары кәсіптік мамандарды дайындаудағы көпжылдық еңбегінің жемісі.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУбарлық түлектерінеС.Ж.Асфендияров атындағыҚазақ Ұлттық Медициналық Университетінің жақсы атағын қолдағаны үшін алғыс айтамыз!

 

Біз бірге болғанда, қол жеткізбейтін шыңдар жоқ!

Біз бірге болсақ,  қайратты күшпіз!

 

Сапа менеджмент жүйесі бөлімі

313 150x150 КазНМУ  им. С.Д. Асфендиярова победитель  конкурса   Народный знак  качества «БЕЗУПРЕЧНО»

414 150x150 КазНМУ  им. С.Д. Асфендиярова победитель  конкурса   Народный знак  качества «БЕЗУПРЕЧНО»

611 150x150 КазНМУ  им. С.Д. Асфендиярова победитель  конкурса   Народный знак  качества «БЕЗУПРЕЧНО»