«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»іс-шарасын өткізу




01.11.2018

27.10. 2018ж. тілдік пәндер кафедрасы секциясында «Салауатты өмір салты!» атты мерекелік іс шара өтті.

Іс-шараға 1 курс18-006(1,2), 008(1,2), 005(1,2). ФӨТ факультетінің студенттері қатысты. Студенттер, іс-шарада «Салауатты өмір салты» – спорт, дұрыс тамақтану, рухани өзін-дамыту екені туралы бейнетаспа және спортшылардың күнделікті өмірінен бейне-коллаж көрсетті. Іс-шара үш тілде жүргізілді. Іс – шараға спорттың таэквондо түрі бойынша, университеттің атынан халықаралық жарыстарда жеңімпаз болып журген «Фармация» факультетінің студенті Жумагазиева Асель; спорттың экстремалды түрінен жарыстардың қатысушысы және пауэрлифтинг бойынша спорт шеберлігіне кандидат Баударбеков Абылай, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Сержанұлы Біржан салауатты өмір салтын сақтау туралы өз ойларын айтып, мерекелік іс шараға қатысты.

 Ғаламтордың мүмкіндігін пайдалана отырып, студенттер іс шараны белсенді өткізді.

Іс шара қызықты және белсенді түрде өтті. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз екенін атап өтті. Көптеген ақпараттар айтылып, студенттерге викторина сұрақтар қойылып, ойындар өткізілді және салауатты өмір салты туралы әртүрлі плакаттар ілінді.

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік жағынан маңызы зор.

Модераторлар: аға оқытушы Шойбекова А.Ж., оқытушы Тилемисова Ж.Д., оқытушы Алпаров Т.