Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде FOR21-KazNMU командасының кездесуі




26.05.2023

2023 жылдың 1-2 ақпанында Самарқанд қаласында FOR21 Эразмус+ жобасының серіктес университеттерінің кезекті офлайн кездесуі өтті. Отырыста базалық деңгейде ВП-мен және СП-мен жоғары деңгейде сабақтар өткізуге арналған кейстерді әзірлеу және енгізу мәселелері талқыланды. Шеберлік сабақтарын еуропалық серіктестер және Самарқандтық серіктестер өткізді. ҚазҰМУ командасы келесі есептерді ұсынды:

  1. СП үшін мотивациялық сұхбат тақырыбы бойынша кейс әзірлеу және апробация, дайындағандар және баяндамашылар Багиярова Ф.А., Мадалиева С.Х.
  2. Flipped class әдістемесін қолданып практикалық сабақтарды өткізу тәжірибесі, дайындағандар және баяндамашылар Мадалиева С.Х., Багиярова Ф.А.