Шақыру




12.04.2012

Құрметті «KAZNMU ARLAN’S» дебат клубында тіркелген фракциялар сіздерді стоматология факультетінің кубоына шақырамыз.

Турнир 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Іріктеу. Бұл кезеңде фракцияларды жеребе көмегімен әр-түрлі топтарға бөлеміз, бұл кезеңде фракциялар жартылай және ширек финалға өту үшін 4 тақырып бойынша ойын көрсетеді.

1 кезең тақырыптары:

  1. Б.П. сырттай білім алу тиімсіз деп есептейді.
  2. Б.П. жастар арасындағы құқық бұзыушылықты азайтудың тиімді механизмін ұсынады.
  3. Б.П. ұлтшылдық жақсы қасиет деп есептейді.
  4. Б.П. ҚазҰМУ-да емтихан өткізудің тиімді механизмін ұсынады.

 

Өтілу уақыты:  15.04.12ж сағат 9:00де басталады

Ойынға қатысуға тілек білдірген командалар сол күні сағат 8:00 мен 9:00 аралығында тіркелулері қажет .

Турнирге қатысушылар міндетті:

  1. Дебат форматтарын толық білуге
  2. Бірдей форма киуге
  3. Уақытылы келуге
  4. Төрешілерге қарсы пікір айтпауға

Егерде бір фракция осы айтылған ережелерді орындамайтын болса турнирге қатыса алмайды.

Турнирдың 2-кезеңі туралы ақпарат 1-кезеңнен сон университетіміздің сайтына шығарылады.

Ұйымдастырушылар: 2011-2012 жж  факультет аралық дебат чемпиондары Асанов Бақытжан, Бөріхан Ерболат және стоматология факультеті.