Сізді Жалпы Медицина факультетінің студенттік қайырымды-волонтерлік ұйымы 15.11.13 күні өткізілетін жалпыфакультеттік «Өмір лекциясы» атты іс-шараға дәріскер ретінде шақырады.




13.11.2013

Бізге әр күн сайын оқу пәндеріміз бойынша лекция оқиды, және күнделікті оқуымызда, экзаменде, жұмысымызда, өмірімізге қажетті нәрселерді қарапайым түрде түсіндіреді. 50 минуттыың ішінде көп нәрсе түсіндіруге тырысады. Оқу материалдарымен бірге, өзіндік өмірлік тәжірбиесінің де бір бөлшегін үйретеді. Мұның бәрін тек біздің ұстаздарымыз ақысыз түрде жасайды, тек «оқыған лекцияңыз үшін рахмет» үшін!

«Өмір лекциясы» – бұл оқытушының қарапайым оқу лекциясында жеткізе алмаған, өзіндік тәжірбиесі. Оқытушылар студенттік кездерінен, алғашқы жұмыс жылдарынан, студенттермен қарым-қатынас, пациенттермен болған жағдайлар, және түрлі ситуациялардан қалай шығу керектігі жайлы баяндайды.  Білесіздер ме, біз тыңдаймыз, есімізде сақтаймыз, өзімізді оқытушыға жақын сезінеміз, өмірде олардың ақылынан, тәжірбиесінен бір бөлшегін болса да алсақ дейміз.

Изображение 026