Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға 90 жыл




01.10.2012

Қазақтың батыр қызы, Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаһарман қызы қазақтың» апталық күндері 25 қыркүйекте өз жұмысын бастады. Апталық күндері студенттер арасынан құрылған «Дала сазы» ұлттық аспаптар ансамблінің орындауындағы Құрманғазының күйі «Балбырауынмен» ашылды.

 

25 қыркүйек, сағат 15:00, жазғы театрда сұхбат ұйымдастырылды

Сұхбаттың мақсаты – студент жастардың Мәншүк Мәметова жайлы қаншалықты білетіндерін анықтау болатын.

Сұрақтарға жауап беруден ең үздік студент анықталды. Жеңімпаз 2 қазанда өтетін шараның салтанатты бөлімінде дипломмен марапатталады.

 

 

 

 Студенттердің әлеуметтік-мәдени

   құзіретін дамыту басқармасы