Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туылғанына 90 жыл (2.10.1922-15.10.1943)




24.09.2012

С.ЖАсфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің тобы университетіміздің ректоры Ақанов А.А.-ның қолдауымен, музей директоры Ә.С.Саятованың  және әскери кафедраның ұйымдастыруымен, тәрбие бөлімінің жетекшілігімен, әкімшіліктің қаржылай қолдауымен Невель қаласындағы (Псков облысы, Ресей Федерациясы) Мәншүк Мәметова апамыздың ерлігіне, зиратына, тағдырына тағзым етіп, соңғы шайқасқан, қайтыс болған жерінде болып, зиратына Даңқ гүлзарынан топырақ салып, зиратынан топырақ алып, құран түсіріп, ерлік жолдарымен жүріп және туған жері Орал қаласында болып қайттық.

 

Тобымыздың құрамы: әскери кафедрасының аға оқытушысы медицина қызметінің подполковнигі Лесбаев Әлімхан Тазабекұлы, стоматология факультетінің 5 курс студенті Сметов Ғани Ғалымұлы, стоматология факультетінің 3 курс студенті Исабекова Самал Серікқызы.

Іс-сапар мерзімі: 9.09.2012-18.09.2012жж.

 

Жүріп өткен жолымыз: Алматы-Мәскеу-Смоленск-Витебск –(Белоруссия)-Невель (Псков облысы,РФ)-Мәскеу-Орал (БҚО,ҚР-Алматы.

 

Мақсатымыз: Мәншүк Мәметова апамыздың туылғанына 90 жыл мерей тойына орай документальді фильм түсіру.

 

Құжаттарды алған негізгі жерлер: Невель қаласының музейі, Невель қаласының әкімшілігі, М.Мәметованың ескерткіші, зираты, атындағы көшесі, тігін фабрикасы, мектебінің Ұлы Отан соғысына арналған мұражай,Заиванье деревнясы (Қаратай көлінің жағасында орналасқан).

 

Орал қаласында: М.Мәметова атындағы мұражай, оқыған мектебі, ескерткіші, көшесі, диорама.

 

Бізге көмектескендер:

 

Невель қаласында. Невель ауданы басшысының орынбасары – Майоров Олег Евгеньевич; Невель қаласы мұражайының директоры Малиновская Людмила Мироновна; Мұражай сақтаушылары –Бершадский Сергей Григорьевич, Снегин-Андреев Александр Иванович,Мұражай қызметкері Любовь Ивановна; Мектеп мұражайының жетекшісі Елена Семеновна; жүргізушілер –Александр, Петр.

 

Орал қаласында: Мұражай директоры Бектенова Светлана Саржановна, қызметкерлері- Базарова Гулнара Насибулаевна,Әлия, Ақмарал, Есенбек.

 

Алматы қаласында: Университетіміздің ректоры АқановА.А., проректор Төлебаев Қ.А., кеңесші Мұстафина Ж.Ғ., тәрбие бөлімі

Мақпал Таубалдиевна, Салтанат Айкеновна, профком Датхаев У.М. мұражай диреторы Саятова Ә.С., «Шипагер» газеті редакциясы Марина, Даурен, әскери кафедрасы полковниктер Исабаев Ж.Т., Шушбаев М.К., Жаксигельдинов М.Т.

 

Бұл іс-сапар университетіміздің тарихында екінші рет болып отыр. Бірінші рет 1960-шы жылдары, ректор Қарынбаев С.Қ. тұсында болған.

 

Бұл саяхат Бізде ерекше әсерлер қалдырды. Ұлы Отан соғысында жандарын пида еткен Ата-Апаларымызды мәңгі ұмытпаймыз! Шығыстың қос жұлдыз батыр қызы Мәншүк Мәметоваға (Невель қаласы, Псков облысы,РФ) және Әлия Молдағұловаға (Новосокольники қаласы Псков облысы,РФ)  топырағы бұйырған Невель, Новосокольники қалалары Бізге өте жақын. Бейбіт Өмір үшін арпалысқан Апаларымыздың әруақтары Біздерді қолдай жүрсін. Мәншүк, Әлия, Хиуаз апаларымыздың ерліктері жастарымызға үлгі, шамшырақ, абырой, мақтаныш, алға сүйрер ерлік-өнеге.

 

Ұлы Отан соғысы (22.06.1941-9.05.1945жж.). Сұрапыл соғыс жылдары.

Екінші дүниежүзілік соғыс 50 миллион адамның өмірін алды. Совет Одағынан 28 миллион адам қайтыс болды. Қазақстанымыз 611000-нан астам адамдарынан айырылды.

 

Мәншүк соғысқа университетіміздің қабырғасынан 1942 жылы аттанды.Сол жылы Қазақстанда құрылған 100-ші дербес атқыштар бригадасының қатарында болған. Пулеметші. Соңғы шайқасында Невель қаласынан 20 шақырымдай жерде орналасқан Зиванье деревнясының

( Айналасында 364 көл бар, Үлкен және Кіші Иван, Қаратай көлдерінің жағасында) 173,7 биіктігінде болған. Қайтыс болған жері де сол жер. Сол биіктікте 800-ден аса адам мәңгіге қалған. Бұл биіктік қолдан-қолға талай рет өткен. Осы биіктік үшін қиян кескі соғыстар болған. Мәншүк 3 «Максим» пулеметтерін әр жерге окоптарға қойып, жауға тынбастан оқ боратқан, талай неміс-фашистерін жер жастандырған.Немістер күтпеген жерден тұтқиылдан соққы берген. Біздің әскерлер шегінуге мәжбүр болған. Тек шегінбеген Мәншүк Мәметова мен Ыбрайым Сүлейменов болған.

Мәншүк басынан жарадар болып есінен танып жатса да қолынан «Максим» пулеметінің гашеткасын басып жауға оқ жаудырып жатқан. Мәншүк Отаны үшін мәңгілікке ерлікпен жанын тапсырды. Бұл күн 1943 жылдың 15-ші қазаны болатын.

Қайтыс болған жерінде «Бауырлар» зираты, «Максим» пулеметінің қалқаны-ескерткіш бар. Айналасында арша-шыршалар, ақ қайыңдар, топыраққа толған, бетін шөп басқан окоп орындары.

 

 

«Максим» пулеметінің қалқанында мынадай сөздер жазылған: «На этом месте в октябре 1943 года отражая яростные атаки немецко-фашистских захватчиков, героически погибла дочь казахского народа Маншук Маметова.

 

1944 жылы наурыз айында мәншүк Мәметованың және басқалардың сүйектері Невель қаласының орталық саябағына ауыстырылып қайта жерленген. Сол жерде ескерткіш- тас белгі қойылған. Бетінде мынадай жазулар бар: «Герой Советского Союза  Маншук Маметова 1922-1943гг.».

 

«Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» кітабында Амина Мәметова былай деп еске алады: Невель қаласының орталық саябағында мәңгілік мекеніне жайғасқан жалғыз Мәншүк қана емес. Қазақстан құрылған 100-ші дербес атқыштар бригадасы командирінің орынбасары полковник Әбілқайыр Баймулдиннің (Павлодарлық) бейіті одан қол созым жерде ғана. Сәл әрі іргедегі бауырластар зиратында жамбылдық атақты мерген, бір өзі 300-ге жуық фашистің көзін құртқан хас батыр Ыбырайым Сүлейменов жерленген. Мәншүк екеуі 1943 жылдың 15 қазанында бірге қатарлас окоптарда тұрып, өздерінің жараланғанына қарамай, дұшпанының меселін қайтарып, сан мәрте кейін шегінуге мәжбүр етті. Ең соңғы демдері біткенше екеуі қатар шайқасты. Өмірлері де бірге үзілді.