«ҰСТАЗДЫҢ ОРАЛУЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ ДӘРІС




12.04.2016

08.04.2016 жылы «Тағзым» ұйымымен Қазақстан тарихы және әлеуметік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруыменС.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Даңқ Залында Алаш қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған«Ұстаздың оралуы» атты ғылыми – танымдық дәріс өтті. ДәрістіҚазақстан тарихшылар кауымдастығының төрағасы, т.ғ.д., профессорМ.Қ.Қойгелді жүргізді.

Ғылыми-танымдық дәрісті Ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ.Мустафина«Букейхановские чтения в КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова»  атты тақырыбындағы баяндамамен ашты.Баяндамадауниверситетте  өткізілген Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған іс-шаралар туралы атап өтті.

ПрофессорМ.Қ.Қойгелді«Ұстаздың оралуы» – атты дәрісіндеӘ.Бөкейхановтың өміріне және мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне кеңінен тоқталды.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ғ.Т. Рсалдина «Ә.Бөкейхановтың мұрасы – елдіктің рухани қазынасы»  атты тақырыпта сөз сөйлеп, профессор М.Қ.Қойгелдіге кафедра атынан үлкен алғыс білдірді.

Іс-шараныңсалтанатты «Ән-шашу» бөлімінде университетіміздің дарынды өнерлі студенттері өз өнерлерін пашетті. Жалпы медицина факультетінің студентіЖұмаш СержанС.Торайғыровтың  «Мен қазақпын»  өлеңін оқыды.Тілеухан Мақсат, Бостандыков СағадатН. Тілендиевтің «Әлқисса»  атты күйін орындады.

Университетіміздің ғылыми кітапханасы «Азаттықты аңсаған айбынды алаш» атты ғылыми тақырыпты көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың атынан ғылыми кітапханаға алғысымызды білдіреміз