«Стратегиялық ойлау»




05.04.2013

2013 жылдың 4-сәуір күні Тәжірибелік дағдылар Орталаығында (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) «Стратегиялық ойлау» тобының кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында Орвилл Адамс жіберген «The Role of Technology in Medical Education:

Lessons from the University of Toronto» (Технологияның медициналық ғылымдағы рөлі: Торонто Университетінің сабақтары) атты мақала талқыланды. Мақалада білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің пайдасы мен зияндары қарастырылып, топтың мүшелері өз пікірлерімен бөлісті. Қазіргі кезде Торонто Университеті Cloud Computing, UpToDate, Teaching Portal (TEGH) және т.б. технологиялардың пайдаланушысы болып табылады. Келесі кездесу онлайн бейне-конференция түрінде 2013 жылы 10 сәуір күні өтеді деп жоспарлануда.