«СТУДЕНТТЕР МЕН ТҮЛЕКТЕР КҮНІ»




07.12.2015

2015 ж. 02 желтоқсан «СТУДЕНТТЕР МЕН ТҮЛЕКТЕР КҮНІ»

 

2015 жылдың 02 желтоқсан күні «Университет күндеріне» орай және университеттің               85-жылдығын атап өтуде, бекітілген бағдарлама бойынша іс-шаралар өткізілді. Өткізілген                     іс-шараларды ұйымдастыруда және қатысу барысына 2300-ден аса студенттер жұмылдырылды: ҚазҰМУ-дың белсенді студенттері, Университеттің студенттік үкіметі, факультеттердің студенттік үкіметі, студенттік деканат, Университеттің студенттік жасағы, еріктілер тобы, 20-дан астам университеттің студенттік ұйымдары, спортшы-студенттер.

 «Студенттер мен түлектер күні» «Гуманизм – кемелдікке жетудің жолы» ұранымен өтті.

Студенттер күні төмендегі іс-шалалар ұйымдастырылды:

1) Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі мен «Гистология» модулімен бірлесе факультеттердің студенттік үкіметінің қатысуымен, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және университеттің 85-жылдығына орайластыра «Arena» алаңында студенттік ФЛЕШ-МОБ өтті. Флеш-мобқа 200-ден астам студенттер қатысты.

2) «Даңқ залында» «Студенттік ғылыми қоғамы» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен «Студенттік ғылым – болашаққа апаратын инновациялық көпір» атты ғылыми конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияда келесі баяндамалар жасалды: «Ауыр металдар тұздарының әсері барысында бауырдың және оның лимфалық түйіндерінің құрылымдық қайта құрылуы» (Гусаинов С., Кадыргалиев Б., мактабекова А., Айдарова А., Нурахунова В.); «ҚазҰМУ-дың 3 курс студентінің денсаулық жағдайын бағалау» (Хавшимова П., Хашимова З., Султанмуратова Ф.); «Жаңа туылған нәрестелердегі нәрестелік кезең барысы» (Имангалиева А., Альмаханова А., Абдразакова Д., Анарова Д., Алтынбекова М.); «Аз инвазивті перкуссиялық нефролитотрипсияҒ әдістерін енгізу және нәтижелері» (Хисамутдинов Н.); «Әртүрлі консистенциялардың және олардың түрлерінің әмбебаптық құралдар арқылы дәрі-дәрмектерге тез әрі қауірсіз қолжетімділігі» (Серик К.); «Ішкі эндометриоздың клиникалық және зертханалық диагностикасы» (Даирбекова А.)

3) «Concordia» театрында «Университет күндерінің» салтанатты ашылуы және жылдағы дәстүр бойынша «1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау» рәсімі өтті. Ректордың алғы құттықтау сөзінен соң ҚазҰМУ-дың 85-жылдығына орай арнайы видеороликтер көрсетілімі жүргізілді. ҚазҰМУ баспасөз бөлімінің 85-жылдыққа арналған видеоролигі, Университеттің студенттік үкіметінің дайындаған видеороликтері (Алматы қ. ЖОО студенттік ұйымдарының ҚазҰМУ-дың 85-жылдығына құттықтауы, университеттің белсенділерінің студенттерге жолдауы). Іс-шараға конференция қонақтары, 1 курс студенттері қатысты. Іс-шарада 1600-ге жуық адам жұмылдырылды.

«1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау» рәсімінен соң Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментіне қарасты Жастардың шығармашылық және  мәдени орталығының жетекшілігімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

4) Жастардың шығармашылық және  мәдени орталығының ұйымдастыруымен университеттің АРТ-орталығында «Арбат» шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қонақтар, студенттер шығармашылық үйірмелерге қатысатын студенттердің шығармашылықтары мен өнерлерін тамашалады.

5) ҚазҰМУ-дың «Даңқ залында» Университеттің студенттік үкіметінің төрағасы Бөріхан Ерболат және өзге де студенттік ұйымдардың  ұйымдастыруымен «Болашақ дәрігер студенттік тұлға ретінде қалыптасу үрдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар: Алматы қ. Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы, Алматы қаласының барлық жоғары оқу орындарының жастар ұйымдарынан құрылған «G-38» тобы мүшелері, университет әкімшілігі  мен студенттері.

Қонақтар: Алматы қ. Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма бастығы Н.Е. Сыдықов, «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы А.Б. Халбеков, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Р.С. Ахметов, «Алматы Мед Центр» алғашқы интегральді медицина орталығының директоры О.М. Жұматаева, ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі Ж.Ғ. Мұстафина.

Баяндамалар жасалды:  «Жалпы медицина» факультетінің студенттік үкіметі төрағасы Солтанай Жәнібек – «Университеттің студенттік үкіметінің жүйесі»; «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Р.С. Ахметов – «Қазіргі Қазақстан жағдайында «Жарасым» Республикалық жастар ұйымындағы жастарды біріктіру үрдісі туралы»; «Алматы Мед Центр» алғашқы интегральді медицина орталығының директоры О.М. Жұматаева – «Ұлт болашағы өзіміздің қолымызда»; Университеттің студенттік үіметінің төрағасы Бөріхан Ерболат – «Жалпыға ортақ Алматы қаласының өзін-өзі басқару жүйесі».

6) «Даңқ залында» университеттің «Alma-mater» лидерлік дебат клубының ұйымдастыруымен VI дәстүрлі факультетаралық пікірсайыс турнирі өтті. Пкірсайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Жалпы медицина» факультеті иеленді. Ең үздік спикер Маукенова Аманбике атанды.

7) №7 аудиториялық корпустың №2 аудиториясында унверситеттің «Зияткерлік клубының» ұйымдастыруымен БРЕЙН-РИНГ ойындары өткізілді. Зияткерлік ойынға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қонақ ретінде қатысты. Ойын қорытндысы бойынша 1 орынды: Курбанов Андрей, Асылханов Галымжан, Есенов Ермек, Баймбет Жандос студенттерінен құрылған тобы алды.

8) «Дене шынықтыру және денсаулық» кафедрасы дәстүр бойынша университеттің спорт кешенінде факультетаралық спартакиада өткізді. Іс-шараға барлық факультеттің спортшы-студенттері қатысып, жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

9) «Concordia» театрының фойесінде ҚазҰМУ-дың «Kazakhstan Medical Students’ Association» студенттік ұйымының жетекшілігімен «MedTalks»  жастар-комуникатифтік режимінде кездесу өтті. Кездесуге Алматы қ. Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма бастығы Н.Е. Сыдықов, «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы А.Б. Халбеков, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Р.С. Ахметов және Алматы қаласының барлық жоғары оқу орындарының жастар ұйымдарынан құрылған «G-38» тобы мүшелері қатысты.

«Университет күндеріне» орай ұйымдастырылып отырған «ҚазҰМУ-ға 85жыл: жетістігі мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қабылданатын қарарына ұсыныстар:

  1. Алматы қаласына жалпыға ортақ өзін-өзі басқару жүйесін қарастыру.
  2. Студенттер мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда негізгі күш болып табылады.
  3. ҚазҰМУ-да студенттердің өзін-өзі басқаруын одан әрі жетілдіру мақсатында студенттерге толықтай қолайлы мүмкіндік тудыру.
  4. Студенттердің өзін-өзі басқаруын халықаралық деңгейге шығару.
  5. Студенттер мен оқытушылардың корпоративтік мәдениетін көтеруде жұмыс істеу.
  6. Студенттер арасындағы лидерлік қасиетті арттыру, интеллектуалды ойлау қабілеттерін дамыту.
  7. Студенттік ұйымдардың болашақ дәрігерлерді қалыптастырудағы рөлін анықтау.
  8. Өзін-өзі басқару ұйымдарының жаңа құрылымдық, жүйелік, идеологиясын негіздеу.
  9. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.