«Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру» атты тақырыптық семинар




28.08.2014

Университетімізде өтіп жатқан «2013-2014 оқу жылының қорытындысы. Дамудың басым бағыттары және міндеттері» дәстүрлі тамыз конференциясының бекітілген бағдарламасы бойынша, 2014 жылғы 27 тамыз күні №7 оқу корпусының № 6 аудиториясында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен «Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру» атты тақырыптық семинар өтті.  Семинарға 120 тьютор, 50-ден астам қызметкерлер мен қонақтар қатысты.

Модераторлар: профессор, ректор кеңесшісі Ж.Ғ. Мұстафина, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаев.

Тақырыптық семинарда келесі баяндамалар жасалды:

  1. ҚазҰМУ студенттерінің құндылық бағыт-бағдары. Профессор, ректор кеңесшісі Ж.Ғ. Мұстафина
  2. «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегінің тұлғасын қалыптастыру моделі» арқылы студентті әлеуметтендіру. СӘМҚДД директоры Л.С. Шыңғысбаев.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және студенттерге құқықтық тәрбие беру. Аға тьютор Г.А. Бегимбетова.
  4. Студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесі. Аға тьютор Г.М. Чумбалова.
  5. Студенттерді толеранттылыққа баулыған тьютор жұмысының тәжірибесінен. Тьютор Ш.С. Марданова.
  6. Тьюторлардың студенттермен өзара қарым-қатынасының коммуникативтік аспектілері туралы. Профессор, жалпы психология және психотерапия модулінің меңгерушісі М.А. Асимов.
  7. Студенттер сауалнамсының нәтижелері бойынша тьюторлар жұмысының қорытындысы. Әлеуметтанушы А.С. Тлепберген
  8. Тьютор студенттер көзімен. Университеттің студенттік үкіметі төрағасы, «Стоматология» факультетінің 4 курс студенті Бөріхан Е., Университеттің студенттік үкіметінің мүшесі «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенті Зайнутдинова Н., Университеттің студенттік үкіметінің мүшесі, «Стоматология» факультетінің 3  курс студенті Ермек Д.

Баяндамалардан соң, семинарға келген тьюторлар мен қонақтар сұрақтарын қойып, баяндамалардағы маңызды әрі арнайы тоқталып өтетін мәселелерді талқылады. Өзара пікірталаста тәрбие жұмысының жүйесі, университеттің басты құндылықтары және ҚазҰМУ студентінің құндылық бағдары қарастырылып, қатысушыларға «ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретінде қалыптасу Моделі» кітабы таратылды. Семинар барысында тьюторларға сауалнама жүргізілді.

«Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру» семинарын қорытындылайтын болсақ, университеттің тәрбие жұмысын «ҚазҰМУ түлегінің тұлға ретінде қалыптасу Моделін» жүзеге асыру негізінде құру, тьюторлардың біліктілігін көтеру мақсатында тьютор мектебін құру, студентттердің өзін-өзі басқаруын дамыту, университетіміздің қызметкерлері мен студенттерінің корпоративтік мәдениет деңгейін көтеру, тәрбие процессін оңтайландыруда сапалы критерилерге қол жеткізу, алыс және жақын шетел елдерінің студенттерімен ынтымақтастықта халықаралық деңгейге шығу, дипломнан кейінгі білім деңгейінде оқушылардың тұлға ретінде қалыптасу стратегиясын дайындау туралы қарар қабылданды.