Студенттердің әскери дайындықтан өтуі




15.04.2014

Кафедрада әскери дайындық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпанындағы № 118-ші «Әскери дайындыққа азаматтарды дайындауды ұйымдастыру және өткізу, және де алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық қорын қалыптастыру Ережелерін бекіту туралы» Қаулысының 6-шы тарауына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 363-ші бұйрығымен бекітілген, жоғары оқу орнындағы әскери кафедраларда қосалқы топтағы медициналық қызметтің офицерлерін дайындау Бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Кафедрада әскери дайындық келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:

–         «Құрлық әскерлеріндегі емдеу ісі»;

–         «Жалпы стоматология»;

–         « Жалпы гигиена, жалпы эпидемиология»;

–         «Фармация».

ЖОО-нда әскери дайындық кезінде оқытушының басшылығымен 450 сағаттан кем емес міндетті сабақтар өткізіледі. Оқытушының басшылығымен өткізілетін міндетті сабақтардың көлемі бір күнде 6 сағаттан көп болмауы керек. Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін қажетті уақыт сегіз сағаттық оқу күнінінің көлемінде әскери дайындық күндері жоспарланады.

Әскери дайындықтың барлық бағдарламасын және оқу жиындарын әскери бөлімдерде, жоғары оқу орнындарында және Қарулы Күштерінің мекемелерінде, ҚР басқа әскерлерінде және әскери құрамаларының мекемелерінде өткеннен соң студенттер шығу емтихандарын тапсырады.

Студенттердің оқу жиындары ҚР Қорғаныс Министрлігімен бірге ЖОО  басшылығы әскери дайындықтың соңғы кезеңінде ұйымдастырады және соңғы оқу курсының алдында демалу уақытында өткізеді.

Стундеттер оқу жиындарын өту кезінде Қазақстан Республикасы Заңымен «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің дәрежесі туралы» бекітілген міндеттерді орындайды және жауапкершілікті алады.

Әскери дайындықтың толық курсын өткен студенттерге, оқу жиындарын өткен және емтихандарды тапсырған, ЖОО-н бітіргені туралы дипломын алғаннан соң, тағайындалған тәртіппен «қосалқы топтың лейтенанты» әскери шені беріледі.