Студенттері Қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылқ концерті




08.12.2017

2017 жылдың 1 желтоқсанында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Халықаралық медицина факультетінің және Жалпы медицина мектебінің студенттері Қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылқ концертін өткізді. Концертке Үндістан, Иордания, Қазақстан студенттері қатысты. Студенттер өз елінің ұлттық билерімен таныстырды., сондай-ақ қазақ және өз ана тілдерінде ән шырқады. Қарттар мен мүгедектер, медицина қызметкерлері іс-шараның барлық қатысушыларын жылы қабылдады. Концерттің соңында студенттер мен университет қызметкерлері жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бәріне сыәлықтар сыйлады.