Студенттік театрға кастинг




16.11.2012

Назар аударыңыз!

            С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің әкімшілік тарапынан  жылдан-жылға, студенттердің оқу-тәрбие ісін жоғары деңгейге көтеруде ауқымды жұмыстар жасалуда және қарқынды түрде өсуде. Студенттердің  әлеуметтік-мәдени жағдайын,  эстетикалық талғамын дамыту мақсатында осы жылы кәсіби шығармашылық мамандармен, атап айтқанда режиссер, хореограф, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшілері жұмысқа тартылып отыр. Университетімізде ұлттық аспаптар ансамблі, драма үйірмесі, пантомима, конферансье, би, вокал, мәнерлеп оқу,  көркемөнерпаздар үйірмелері өз жұмысын бастады. «Өзімнің бойымдағы талантымды жан-жақты дамытамын, еркіндікке үйренемін, уақытымды тиімді пайдаланғым келеді, жан-жақты өскім келеді»!-деген батыл студенттерді шақырамыз!

Үйірмелерге қатысам деушілердің барлығына  есік ашық!

Үйірмелерге жазылу күндері:

1* 19.11.12 /қараша/ сағат 15.00-ден19.00-ге дейін

2* 20.11.12/қараша сағат 15.00-ден19.00-ге дейін «CONCORDIA» театрында жазылу жүргізіледі.

Өтетін жері:  «CONCORDIA» театры.

Қосымша  хабарласу, жазылу  телефондары:

Көркемдік жетекші Салтанат Айкенқызы – 8 777 826 05 90

Ректорат №1 корпус 220 кабинет.

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы