Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы




22.12.2017

2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 13.00-де кафедраның  доценті З.А.Абдуллина, аға  оқытушылар Ж.С.Дәулетбекова, Қ.С.Бураханова  және  оқытушы А.С.Бураханова жалпы медицина факультетінің 1, 4 студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты тақырыпта дөңгелек  үстел өткізді.

Кафедра  меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина  студенттерге жемқорлық  мәселесінен  аулақ  болуға, сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс екенін ескертіп, жемқорлық туралы, жемқорлықты тудыратын мәселелер, олардың зардаптары жайында ақпарат беріп өтті. Кафедраның аға  оқытушылары  Ж.С.Дәулетбекова мен Қ.С.Бураханова «Жемқорлықтың  зардаптары» туралы тақырыпта  арнайы бейне роликтер, презентациялар дайындап көрсетті.

Дөңгелек  үстел  барысында оқытушы А.С.Бураханова «Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс» деген  тақырыпта  студенттерге  баяндама  оқыды.

Сонымен  қоса жалпы  медицина  факультеті  1 курс  студенті  Каленова  Лаура  «Жемқорлық тамыры қайткенде қиылады?» деген тақырыпта баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді.

Жоғарыда атап өткенде й, осынау қауіпті құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Мысалы, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер бар. Оларға ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары жатады.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Біз де жемқорлықпен күрес мақсатын негізге ала отыра студенттерге жемқорлық, жемқорлықты тудыратын мәселелер, олардың зардаптары жайында ақпар бердік. Дөңгелек  үстел соңында ұйымдастырушы оқытушылар студенттердің пікірін  тыңдап, пікір-талас өткізді.

Ұйымдастырушылар: доцент З.А.Абдуллина, аға оқытушылар

Ж.С.Дәулетбекова, Қ.С.Бураханова, оқытушы  А.С.Бураханова