Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру




28.10.2013

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру

(2012-2013ж.ж)

Адамгершілік көзқарасымен, жоғары интеллектімен, жалпыадамзат этикалық принциптерімен ерекшеленетін, бәсекелестікке қабілеті бар тұлғаны қалыптастыру және дамыту қатерлі сыбайлас жемқорлық идеологиясымен еш сыйыспайды.

Кешенді құрастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуына, сыбайлас жемқорлықпен сыйыса алмайтын сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетіне айрықша назар аударады. Университет әлемдік білім кеңістігіне сенімді еніп келеді, өз жұмысын әлемдік білім стандартына сай орындап жүр, дүние жүзіндегі жетекші университеттер қатарына енуге мүмкіндік беретін нақты келешек көкжиегі ашылғалы тұр. Студенттер ашықтық және адалдық жағдайында өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда, азаматтық позициясын танытуда, халықаралық қауымдастыққа кіру үрдісінде белсенділік көрсетуде.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірқатар нормативтік құжаттар және халықаралық тәжірибе негізінде Ғылыми Кеңес бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының Бағдарламасы, 2012-2015ж.ж. арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес Саясатын жүзеге асыру жоспары әзірленді және орындалып та жатыр, ұжымда тұрақты адамгершілік ауанының ыңғайланып бағдарланған, қоғамдық ұйым ретінде университет этикалық принциптерін және құндылықтарын сақтап, жүзеге асыратын Этикалық Кеңес құрылған және ол жұмысын істеп келеді. Қандай да болмасын сыбайлас жемқорлық көріністері, адами мәртебені сыйлап құрметтемегендер, құқық бұзғандар, Намыс Кодексін аттағандар Этикалық Кеңес отырысында жауапқа тартылатын болды.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаты мен міндеттері:

Негізгі мақсат – университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, көріністерін барынша азайту. Сыбайлас жемқорлыққа көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданар шешімдердің ашықтығы және жариялылығы – Бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғамдық және студент жастарының ұйымдарымен бірлесіп жүргізу, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша халықаралық қауымдастықпен тәжірибе алмасу; оқу-білім үрдісінде студенттер мен оқытуышылар тарапынан болатын келісімсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою, сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамда жалпы қарсылықты қалыптастыру да маңызды бағыттар болып танылады.

Студенттерді құқықтық тәрбиелеу үрдісі университет ректорының I-курс студенттерімен және оқытушыларымен кездесу сәтінен басталады. Медициналық құқықтану, құқықтық мәдениетті насихаттау, Намыс Кодексі мәселелері бойынша оқу-білім модулі құрылды, кафедраларда адами-этикалық принциптерін үгіттеуге арналған семинарлар, конференциялар, тьютор сағаттары, «дөңгелек үстелдер», әңгімелер өткерілді, құқықтық тәрбие бойынша оқу құралдары шығарылды.

Этикалық Кеңес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Этикалық Кеңес Ғылыми Кеңес бекіткен қоғамдық ұйым ретінде ұжымда тұрақты адами-этикалық ауанын сақтайды, университетте, этикалық принциптері мен құндылықтарын дамытып жүзеге асырады. Намыс Кодексін бұзғандар, сыбайлас жемқорлыққа қатысы барлар университеттен шығарылады, жұмысынан ажыратылады.

Студенттік қоғамдық ұйымдардың, деканат Кеңесі мүшелерінің белсенді қатысуымен ЭК қаржы полициясымен бірлесіп «Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы» университет конференциясы өткізіп жүреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыру үрдісіне студенттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысады. (Студенттік кәсіподақ қоғамдық ұйымы «Демеу», СӨ, «Жастар істері бойынша комитет», пікір-сайысшылар клубы, «Денсаулық қорғаушысы» және т.б.). Студенттер қоғамдық комиссиялар жұмысына да белсенді қатысады.

–          Жатақханадағы орындарды бөлу комиссиясы

–         Сыбайлас жемқорлыққа және оқу үрдісі тәртібіне қатысты құқық бұзушылықты қарайтын комиссиясы

–         Деканат қызметшілерінің әдепсіздіктеріне байланысты студенттер шағымдарын қарайтын комиссиясы

–         Сауалнама өткізу барысында атаулары келтірілген сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кафедралар жұмысын кешенді тексеретін комиссиясы

Университетте мүмкін болар сыбайлас жемқорлық қатерлерін және оны туындататын жағдайларды анықтау мақсатымен студенттер арасында жасырын сауалнама өткеруге қатысу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптамасына арналған конференциялар, «дөңгелек үстелдер», факультет, кафедра деңгейлеріндегі бейнекөріністерді, сахналық қойылымдарды көрсету, өлеңдер шығарып оқу. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбына арналған студенттер пікірсайысын өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарланған 5 аталым (номинация) бойынша университетте «Медицина және сыбайлас жемқорлық сыйыспақ емес!» тақырыбындағы университет студенттерінің ұйымдастырған көрме конкурсы. (120 астам бейнероликтер, келісті безендірілген  экспозициялар, ілмелер, үнқағаздар, буклеттер, альбомдар, бейнероликтер, авторлық бейнефильмдер, фотосуреттер және т.с.с). Тьюторлар кеңесінде жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар Құрмет грамотасымен, Ректордың алғыс хатымен, біркүндік жолдамамен марапатталады.

… Көрмеде әзірленген бейнероликтер көрсетіледі.

Ұйымдастырушы студенттер бастамашылығымен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жоғары имиджін, беделін арттыратын жооаралық кездесулер өткеріледі.

Құрылымдар жұмысының ашықтығы және жариялылығы.

Өткерілер шаралардың ашықтық және жариялылық жолымен баспасөздегі, «Шипагердегі», университет сайтындағы жарияланымдар, құқықтық бұзушылық көріністерін мінейтін көрсетілімдер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптасады. (25-н астам сюжеттер). Университет қызметі бойынша қабылданатын негізгі шешімдер ақпараттық ашықтық және жариялылық жөнімен күні бұрын жарияланған Ғылыми Кеңес шешімдері бұларға алдын ала ұсыныстар енгізу мақсатымен  мәлім болады, атап өтсек, кафедра меңгерушілері және құрылымдық бөлімдер  басшыларының орындаған жұмысы туралы ай сайын берілетін есебі сондай-ақ ректоратта апта сайын берілетін есебі сондай-ақ ректорат апта сайын өткізетін ашық және кеңейтілген отырыстары: ағымдағы  оқиғалар мен жаңалықтар хақындағы университет сайтындағы ақпарат, «Шипагердегі» жарияланымдар.

Емтихан сессия кезінде оқытушылар келісімсіз әрекеттеріне бақылау қою, құрылған бақылау кеңесі арқылы оқу үрдісі регламентін қадағалау, емтихан тесттерін байқауға қол жеткізу. 1-5 курс студенттері арасында сауалнама өткізу; емтихан сессиясы кезеңіне  тест орталығында оқытушылар кезекшілігін тағайындау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес университет саясаты бойынша ақпарат кафедралардағы сенім жәшіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбына арналған ілмелер, кафедра жұмысындағы кемшіліктер немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты үн-қағаздар арқылы мәлім болады.

Жыл сайын 100-ден астам шаралар түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бағдарламасын жүзеге асыру жоспары орындалады (конференциялар, баспасөз конференциясы, БАҚ, сайтындағы жарияланымдар, пікірсайыстар, «дөңгелек үстелдер», тьютор сағаттары, тұсаукесерлер, бейнероликтерді әзірлеу және көрсету, (көрсетілім үнқағаздары, ілмелер, тақырыптық буклеттер, студенттік сахналық қойылымдар және т.б).

Сауалнама бойынша (1000 студенттер) студенттік қауымдастықтың басым көпшілігі университетте өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелері туралы біледі (90%).

Студенттердің көпшілігі сыбайлас жемқорлықты қабылдамайды (70%) және ешқашанда сыбайлас жемқорлықпен істері болып көрген жоқ (72%), мұның өзі шет ел сарапшыларының мағлұматтарымен үндес. Ғылыми Кеңесте жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының орындалуы туралы есеп тыңдалады. Кафедралардағы сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес бойынша жүргізілетін жұмыстағы оң өзгерістерімен қатар студенттік ұйымдар және кафедралар басшыларының жұмыстарында жіберілген кемшіліктеріне сондай-ақ оқу үрдісі регламентіндегі олқылықтарына назар аударылады.