«Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбына өткізген мерекелік іс-шарасының eсебі




16.03.2016

Шет тілдер кафедрасының аға оқыт. А.А. Баянбаева,А.С. Ибраева және оқыт.Т.А. Абдикаймованың «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбына өткізген мерекелік іс-шарасының

 

Есебі

11.03.2016 ж. ҚазҰМУ №7 жатақханасында шет тілдер кафедрасының аға оқыт. А.А.Баянбаева, шетел студенттері деканатының 14-051ЖМ, 14-049ЖМ топтары тьюторлары, аға оқыт. А.С. Ибраева және оқыт. Т.А. Абдикаймованың ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбына мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Шетел студенттеріне Қазақстан Республикасының алғашқы көктем мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру.  Студенттерді аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Іс-шараға 15-005 (1,2)ЖМ, 14-005 (1) ФӨТ, 14-051(1,2)ЖМ, 14-049(1,2)ЖМ және шетел студенті деканатының 1курс студенттері қатысты.  Мерекелік іс-шара шет тілдер кафедрасы меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова мен оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы А.А. Садыкованың құттықтау сөзімен басталды.  Іс-шара барысында студенттерана туралы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстазаналар мен аруларды мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар студенттер аналар туралы презентация дайындап, көрермендерге викториналық ойындар ойнатты. Соңында шетел студенттерімен бірге дайындалған көркемөнерпаздар шағын концерті қойылды.

Бір сағат көлемінде өткен сабақтан студенттерде мейірімділік пен ұстамдылық, ұстазға, атаанаға деген құрмет сыйдың, ана еңбегін қадірлеудің арта түскендігі байқалды. Викториналық ойындар әсіресе шетелдік студенттердің қызығушылығын тудырды. Студенттер сабақта ашық-ойларын білдіріп, белсенді түрде араласып отырды. Іс-шара мәнді, мағыналы және әсерлі өтті.

Сабақты қорытындылай келе, студенттердің анаға деген құрметінің зор екенін байқауға болады.