Түлек моделі

Негізгі бет » Түлек моделі

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Түлек моделі:

ON1 Пациенттің курациясы: клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
ON2 Қарым-қатынас және коллаборация: пациент үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады;
ON3 Қауіпсіздік пен сапа: қауіп-қатерді бағалауға және медициналық көмектің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдануға қабілетті;
ON4 Қоғамдық денсаулық сақтау: өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби команда құрамында жұмыс істеуге қабілетті;
ON5  Зерттеулер: адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
ON6 Оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да формаларына белсенді қатысуға қабілетті.