Тәлімгер мен жетекшілер кеңесінің кезекті отырысы




14.12.2016

Тәлімгерлік институт жұмысын қалыпты деңгейде ұйымдастыру мақсатында университет тәлімгер/жетекшілерінің студенттермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарын үйлестіріп, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін кеңес өз жұмысын бастап, жоспар бойынша отырыстарын өткізе бастады.

2017 жылдың 12 желтоқсан күні студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің (СӘҚҚКБ) ұйымдастыруымен тәлімгер/жетекшілер кеңесінің кезекті отырысы болды. Кеңес отырысында халықаралық медицина факультетінде оқитын шетелдік студенттердің тез және қиындықсыз бейімделуі үшін тұлғалық өсу және өзін өзі дамыту клубы «Радугамен»  бірлесіп әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету шараларын жасап жатқандығыатап өтілді.Жатақхана, пәтерлерде тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайы, оларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуы үшін құжаттарды жинау туралы мәселелер көтеріліп, түсініктеме берілді, сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Б. Байбектің  ЖОО ректорларымен өткізген жиында қарастырған мәселелер таныстырылып, мереке кезінде жатақханада қалған студенттермен жүргізілетін тәрбиелік, спорттық  іс-шараларға және ондағы ұйымдастырылатын тәуліктік кезекшілікті дұрыс өткізуге баса көңіл аударылуы керектігі  айтылды.

Отырыс, ұйымдасқан түрде қатысушылардың белсенді пікір алмасуы арқылы жүргізілді.