«Тұрғындар денсаулығына шығу тегі алиментарлы қауіп-қатер. Қауіп-қатерді басқару»




06.01.2012

25.11.2011 г. – 03.12.2011ж. аралығында жалпы гигиена және экология кафедрасы ұйымдастыруымен «Тұрғындар денсаулығына шығу тегі алиментарлы қауіп-қатер. Қауіп-қатерді басқару» атты  РФ жоғары мектебіне еңбегі сіңген профессор, РАЖҒ академигі, «Урал аймақтық тағамтану орталығы» ЖАҚ-ның бас директоры Пермь қаласы, Пермь мемлекеттік медициналық академиясы тағамтану гигиенасы және жасөспірімдер мен балалар гигиенасы кафедрасының меңгерушісі   Перевалов Александр Яковлевичтің мастер –класы болып өтті.
Мастер-класс университет кафедраларының профессорлық оқытушылық құрамына,  PhD докторанттарға, магистранттарға, медико-профилактикалық факультет 6 курс студенттері мен денсаулық сақтаудағы практикалық мамандарына ұйымдастырылды.

28.11.11 Даңқ залы Профессор У.И. Кенесариевтің мастер-класты ашу салтанаты.
01.11.12 Жалпы гигиена және экология кафедрасы профессор Перевалов А.Я., Практикалық сабақ: «Өндірістік бақылау бағдарламасын жасау».
03.12.11 Дөңгелек стол профессор Перевалова А.Я., профессор Кенесариев У.И.

02.12.11-09.12.11ж.  аралығы Майкла С. Броди – экология саласындағы PhD докторы, АҚШ қоршаған ортаны қорғау агенттігінің аға ғалым-экологы. «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау» және экология саласында көптеген еңбектерімен белгілі.

02.12.11-09.12.11 аралығы Голуба Александр –   математикалық экономика саласындағы PhD докторы, э.ғ.д., АҚШ SRI энергетикалық нарық және саясат пен климат саласындағы ғаламдық экологиялық нарық бөлімінің атқарушы директоры. ҚР МОН «020 Жоғары білімді мамандардың білімдерін жетілдіру және элеуметтік көмек көрсету» атты бағдарламасы аясында «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мен басқару» атты мастер-кластарын өтті.

Мастер-класс аясында дәрістер, практикалық сабақтар, жеке топтардағы сабақ дөңгелек стол мен дисскусиялар өткізілді.

05.12.11 Даңқ залы PhD докторы Майкл С. Броди Дәріс «Қауіп-қатерді бағалауды қолданудың саяси артықшылығы».
08.12.11 PhD докторы Майкл С. Броди және мастер-класс қатысушылары

Семинар қатысушылары Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның ластануы және тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауа, су, топырақтың  ластануының әсері,  алдын алудағы үлкен жұмыс екендігін атап өтті. Сонымен қатар республикамыздағы экономиканың қарқынды дамуы, өндірістің әртүрлі салаларын іске қосу қоршаған орта объектілерінің ластануы мен тұрғындар денсаулығына шынайы қауіп төндіреді.

Қазіргі уақытта әлемде қоршаған ортаның қолайсыз факторларының  тұрғындар денсаулығына әсері  қауіп-қатерін бағалауға көп көңіл бөлуде. Қауіп-қатер деңгейін есептей білу қоршаған ортаның қолайсыз факторларын болжап уақытында профилактикалық іс-шараларды қарастыруды жеңілдетеді.

Бірақ Қазақстанда тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зерттеулері әлі де қолға алынбаған.

«Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мен басқару» секциясының қатысушылары:

  • республикамыздағы қоршаған ортаның қолайсыз факторларының тұрғындар денсаулығына әсерін алдын алу жұмыстарын қолдау;
  • әртүрлі саладағы мамандардың осы зерттеулерге қажеттігі;
  • конференция қатысушылары Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау практикасына және оқу үрдісіне қауіп-қатерді бағалау мен басқару методологиясын бекітуді ұсынады.
08.12.11 профессор Кенесариев У.И., профессор Голуб А, PhD доктор Майкл С. Броди мастер-класс қатысушыларына сертификаттар толтыруы.