ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА. АҚПАРАТ




10.01.2012

Университет күндерінің 3-ші күні

Студенттік үкіметтің төрағасын ұлықтау рәсімі

2011 жыл желтоқсанның 4-ші жұлдызында сағат 9:00-де Даңқ залында  Студенттік үкіметтің төрағасын ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. 24 қараша күні өткен сайлауға қатысқан үш үміткердің  ішінен 55,2% дауыс жинап, жеңіске жеткен жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Ордабаев Шалқарға Студенттік үкіметтің Экс-төрағасы Нұрмағамбетов Асхат ақ жол тіледі.

Студенттік қатарға қабылдау дәстүрлі шарасы  

Сағат 10:00-де Конгресс-Холда жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері студенттік қатарға қабылданды. Барлық факультеттерден 1 курстың 70 студенті сахнаға шығып, оларға оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Қ.А. Төлебаев студенттік билетті табыс етті. Іс-шараны өзге факультеттер аудиторялық ғимараттағы № 2, 4 және 6 аудиториялардан тікелей трансляция арқылы бақылады.

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

КТК (КВН) фестифальі

4 желтоқсан күні №1 аудиторияда «Жаңа жылдық әзіл» КТК фестивальі өтті. Фестивальға Алматы қаласының ЖОО сегіз КТК команда қатысты:

1. МАБ «КАПИТАЛ»

2.«ТЕХНАРЬ ПОЛИТЕХ

3.СБОРНАЯ КАУ

4. ТУРАН «ФРЭШ»

5. КазЭУ «ЕЩЁ»

6. КазАТиСО «LOL»

7. КазГАСА «МЕТРО»

8.РЕЗИДЕНТЫ КАМЕДИ КЛАБ KZ

Қайырымдылық бағытта өткен фестивальдан түске 12,522 теңге қаржы құрт ауруымен ауратын студенттерге берілді. Үздік командалар алғыс хаттармен марапатталды.

Интеллектуалды клуб

Зияткерлік ойынында ҚазҰМУ-дың өтпелі кубогы ойнатылды. Жүлделі орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды. 4 желтоқсанда өткен зияткелік ойынына факультеттерден 7 команда қатысты. Ойын 2 этапта өтті:  топтық және плей-офф. 3 орын иегері – фармацевтикалық кафультеттің 1 кур студенттерінен құрылған  «Алхимики» командасы, 2-ші орын иегері – жалпы медицина факультетінің «Smail» командасы, 1-ші орын иегері – жалпы медицина факультетінің «Лидер» командасы ҚазҰМУ-дың өтпелі кубогына және «Книжный Город» кітап дүкеніне 10000 теңге көлеміндегі сертификатты иеленді.

«KAZNMU ARLAN`S» ДЕБАТ КЛУБЫ

Желтоқсан айының 4 жұлдызында университетіміздің 81 жылдық және Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған дебат турнирінің ақтық ойындары болып өтті. Жартылай финалда төмендегі тақырыптар бойынша ойналды:

  1. ҚазҰМУ-ң Студенттік үкіметке кез келген студент сайлануы тиіс деп санайды;
  2. ҚазҰМУ студенттік ұйымдарды басқарудың жаңа механизмін ұсынады.

Жартылай финалда ойын көрсеткен фракциялар:

  1. Альфа командасы (Медициналық-профилактикалық факультеті) Жаңғырық (Жалпы медицина факультеті) командасына қарсы ойнады;
  2. Стом Бэст командасы (Стоматология факультеті) Элита (жалпы медицина факультеті) командасына қарсы ойнады;

Ақтық сында  Альфа командасы (Медициналық-профилактикалық факультеті) мен Стом Бэст командасына (Стоматология факультеті) қарсы ойнап, Стом Бэст командасына жеңімпаз болды.    

Жеңіске Стом Бэст фракциясы 2011-2012жж маусымдағы факультетаралық дебат турнирінің жеңімпаздары болып саналады және сәуір айында өздерінің факультеттерінің  турнирін өткізуге рұқсат алды.

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртістерімен кездесу

Аудиториялық ғимараттағы № 9 аудиторияда сағат 11:00-12:00 аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының әртістерімен кездесу өтті. Театр және кино әртістері Әсет Иманғалиев, Сәния Ерзатқызы және Жұлдызбек Жұманбай өз шығармашылықтарымен таныстырды және актерлық өнердің қыр-сыры жайында айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Әртістердің шеберлігіне тәнтті болған студенттер олармен суретке түсті. Шараның соңында әртістерге алғыс хаттар және гүл шоқтары табыс етілді.

«Біз-Тәуелсіздік құрдастарымыз!» тақырыбында өткен дөңгелек стел

№ 7 аудиторяда өткен «Біз-Тәуелсіздік құрдастарымыз!» тақырыбында дөңгелек стелге емдеу ісі факультетінің 15 студенті, бала емдеу факультетінің 15 студент қатысты. Еліміздің дамуы және жетістігі жайында баяндама жасаған студенттер дипломдармен мараптталды.

«Школа выживания»

«Топ 100» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен №2 оқу ғимараттың фойесінде  «Школа выживания» тренингі өтті. Аталған  тренингте қатысушылар өз позициясын ойын түрінде өте қызықты көрсетті.

Қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Спорттық ойындардың ақтық жарысы

Университеттің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Университет күндеріне арналған студенттер арасында теннистен, футбол және волейболдан жарыс өтті. Спорт түрлерінен өткен жарысқа 1 курс студенттері және дайындық курсының студенттері белсене қатысты.

Қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Университет күндерінің студенттерге арналған күні университеттің студенттер қалашығында мәресіне жетті. Студенттер күшімен дайындалған концерттік бағдарлама от шашумен аяқталды.