«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу кешінің




08.02.2016

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу  кешінің 

ЕСЕБІ

       09.12.15 жылы университет музейінде  қазақ тілі кафедрасы және СӘМҚДД-ныңұйымдастыруымен Ж.С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдық мерейтойына  арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші болып өтті.

       Кешіне арнайы шақырылған «Желтоқсан халықтық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Қуанбаев Нұрлыбек Шәмшатұлы, желтоқсандық күрескер – Тастекеев Жүрсін Құлбайұлы және желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы – Асанова Алтынай Қауметқызы қатысты.

      Сонымен қатар, университетіміздің этикалық кеңесінің төрайымы, ректор кеңесшісі, профессор  Мұстафина Жанар Ғабиденқызы, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің директоры – Шыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлы, студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімінің бастығы – Оразаев Ернұр Тұрсынұлы және музей қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлері де осы кештің куәсі болды.

      Аталмыш кешті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент  Абдуллина Зауреш Абдрахметқызы ашып, шақырылған қонақтарды таныстырды. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған бұл күн – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты!

      Профессор  Мұстафина Жанар Ғабиденқызы осынау қаралы күннің қасіретін еске алып, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың ерлігі аясында сөз сөйледі. Еліне адал, өр мінезді ұрпақ өсірген үшін Асанова Алтынай Қауметқызына алғыс айтты.

Кешке арнайы келген қонақтар – Қуанбаев Нұрлыбек Шәмшатұлы, Тастекеев Жүрсін Құлбайұлы және Асанова Алтынай Қауметқызы желтоқсандағы болған оқиғалар туралы сөз қозғап, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін студенттерге ұғындыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге шақырды.

Студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, қонақтардың алғысын алды.

     Арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіледі.

Кештіқазақ тілі кафедрасының  доценті  Т.Қ.Зайсанбаев Қапездің  «Қоштасу» әнімен жалғастырды.Кеш барысында тәуелсіздік туралы ақындардың өлеңдері оқылды.Жалпы медицина факультетінің 1-курс студенті Нұрбадалова Мохира Мұхтар Шахановтың «Төрт жыл кешіккен шындық» өлеңін,  Ирискулова Дилноза «Ләззаттың монологын», Ниғмет Сағыныш Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін, Бостанов Сағдат «Тәуелсіздік» өлеңін, Қуаныш Ақниет өзінің жазған«Желтоқсан құрбандары» атты өлеңін оқыды. Хұдайберген Ақын Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны»күйін, Исан Жадыра «Қазақ елі осындай» әнін орындады. Кешке қонақ ретінде келген жалпы медицина  факультетінің 5-курс студенті Көбеков Сағындық Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындады.

     Кеш соңында студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің директоры Шыңғысбаев Лескен Сейдіқасымұлы қонақтарға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

     Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі З.А.Абдуллина қорытынды сөз сөйледі.                      Кешті студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімінің басшысы – Оразаев Ернұр Тұрсынұлы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады.

Кешті  ұйымдастырушылар:СӘМҚДД және аға  оқытушылар  Г.К.Дәркенбаева, А.Р.Абдықадырова, ф.ғ.к., оқытушы Ф.Б.Қожахметова