Тамыз айының 23-жұлдызында біздің университетке серіктес Нагасаки университетінен (Жапония) делегация келіп кетті




24.08.2012

Делегация құрамына кіргендер:

1.Профессор Noboru Takamura – M.D., PhD, Professor, Ғаламдық денсаулық сақтау, Медицина мен ауқаттылық департаментінің төрағасы, Нагасаки Университеті, Биомедикалық ғылым саласында постдипломдық мектебі, біздің Университетке визитинг профессор ретінде келіп кеткен;

2. Професор Takashi Kudo – ядорлық медицина бойынша профессор, Нагасаки Университеті;

3. Доктор Naomi Hayashida – Ғаламдық денсаулық сақтау, Медицина мен ауқаттылық департаменті, Нагасаки Университеті, Биомедикалық ғылым саласында постдипломдық мектебі;

4. Yamashita мырза– NASHIM (Nagasaki Association of Hibakushas’ Medical Care) кеңсесінің өкілі;

5. Доктор Юи (Dr. Yui) – MD, PhD Candidate, Ғаламдық денсаулық сақтау , Медицина мен ауқаттылық департаментінің ғылыми қызметкері, Нагасаки Университеті, Биомедикалық ғылым саласында постдипломдық мектебі.

Делегациямен келіссөзді Тулебаев К.А. – оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор басқарған.

Мына сұрақтар бойынша университеттер арасындағы болашақтағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды:

  • Нагасаки университетінде ҚазҰМУ-нің ағылшын тілін білетін жас мамандарының сынақ ісіне баруы;
  • ҚазҰМУ-нің PhD докторанттарының зерттеу жұмыстарын жүргізулері үшін жіберілуі;
  • Нагасаки Университетінен Визитинг профессорларды шақыру аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруы;
  • Қартаюға қарсы, иммуннология және т.б. бағыттар бойынша бірлескен зерттеу жұмыстары;
  • «Болашақ» бағдарламасы аясында біздің профессорлы-оқытушылық құрамның  сынау мерзiмiн жүзеге асыруы үшін Нагасаки Университетінің қабылдау мүмкіндігін қарастыруы.

Жақында өзара келісім бойынша профессор Такамура жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша  бекітілген келісімшарт үлгісін жіберуі тиіс.

Біздің серіктес университет- Нагасаки университетінің өкілдерімен келесі кездесу «2012-Университет Күндеріне» жоспарланды.