«Театр маусымы» бағдарламасы бойынша наурыз айының есебі.




01.04.2014

Университетіміздің тәрбие жұмысының«Театр маусымы» бағдарламасы бойынша Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен наурыз айында   төмендегі қойылымдарды 1-курс студенттері тамашалады.

14.03.2014ж. күні Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Ромео мен Джульетта» қойылымына  – 120 студент барды.

16.03.2014ж.  күніАбай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының «Лебединое озеро» балетіне – 108 студент барды.

28.03.2014ж. күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қызыл орамалды шынарым» қойылымына – 150 студент барды, және де «Кармен» театрлық агенттігінің«Я люблю тебя – Россия» балетіне– 50 студент барды.

Барлығы – 428 студент және 23 тьютор театр қойылымдарын тамашалады.