«ТІЛДАРЫН-2012» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ




26.09.2012

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі мен Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен қыркүйектің 26-ы күні «Тілдарын-2012» олимпиадасы өтті. Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында өткен бұл іс-шараға университет факультеттерінен үш тілді (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) жетік меңгерген ауған, кәріс, орыс, қазақ және үнді ұлтының өкілдері қатысып, өзара бақ сынасты. Олимпиадаға қатысушылардың басты мақсаты «Менің болашақ мамандығым» атты презентацияларын үш тілде қорғап шығу. Дүбірлі додада берген тапсырманы бұлжытпай орындап, өзінің алғырлығын көрсеткен «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенті Арызбекова Алия Гран приды жеңіп алды. Ал, «Стоматология» факультетінің 2-курс студенті Ким Юн Джу І-орынды, жалпы медицина факультетінің студенттері Қожабаева Мадина мен Алихан Рафат ІІ-орынды, сондай-ақ, жалпы медицина факультетінің студенттері Калиуллаев Берік, Болатқызы Асель және стоматология факультетінің студенті Алтынбекова Ақдана ІІІ-орынды иеленді. Қалған 8 студент арнайы сертификаттармен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан студенттердің барлығы Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі дайындаған естелік сыйлықтарына ие болды.