ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ




13.11.2013

 

Тілдік даярлық орталығының директоры

Төлеева Назым Әділбекқызы

Байланыс телефондары: 8(727) 3387059

Ішкі: 7075

E-mail: [email protected]

 

Тілдік даярлық орталығы Академиялық жұмыстар департаментінің құрылымына кіреді және ішкі бөлімшелері мен бөлімдері жоқ. Тілдік даярлық орталығы Академиялық жұмыстар департаменті директорының тікелей қарамағында және департамент директоры жоғарғы басшы болып табылады.

Тілдік даярлық орталығы қызметінің басты мақсаты Университетте көптілдік білім берудің жандырылуына ықпал ету және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің білім беру үлгісі: Үштілдік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Университтегі үштілдік оқыту үлгісін кезең-кезеңімен жүзеге асыру білім ордасындағы білім беру сапасын арттыруды және бірнеше тілді жетік меңгерген медицина саласының жоғары білікті мамандарын даярлауды көздейді.

 

 

Тілдік даярлық орталығының ең басты міндеті:

– ҚазҰМУ-дың үштілдік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына тікелей қатысу және ықпал ету;

– көптілді меңгерген  медициналық кадрларды даярлау үдерісін үйлестіру;

– Университет қызметінің барлық бағыттары бойынша іс-қағаздардың мемлекеттік тілді жүргізілуін ұйымдастыру және үйлестіру;

– ҚазҰМУ оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлердің тілдерді меңгеру деңгейін анықтау;

– Оқытушы-профессорлар құрамына арналған тілдік біліктіліктоі арттыру бойынша семинаралар ұйымдастыру;

– Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу үдерісінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамсыздандырылуына талдау жүргізу және олардың қажеттілігін зерделеу;

– оқу үдерісіне көптілдік білім беру бағдарламасын енгізу бойынша Білім беру комитеттерінің жұмысын үйлестіру;

– Университет қызметінің барлық бағыттары бойынша іс-қағаздардың мемлекеттік тілді жүргізілуіне бақылау және мониторинг жүргізу;

– жалпыуниверситеттік терминологиялық комиссия қызметінің ұйымдастырылуына ықпал ету және үйлестіру, медициналылық терминдерді бірегейлендіру, оларды қолданысқа енгізу;

– Қазақстанда және шетелде көптілдік білім беру мәселелеріне арналған симпозиумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысу;

– Оқу департаменттері арқылы университеттегі үштілдік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын үйлестіру және оған мониторинг жүргізу.

 

 

Тілдік даярлық орталығының кадрлық құрамы:

Орталықтың  әдіскерлері:

 

  1. 1.      Құлмағанбетова Венера Қалмұратқызы – 338-70-98 (ішкі:70-32)
  2. 2.      Сегізбаева Жанар Өмірзаққызы – 338-70-98 (ішкі: 7033)
  3. 3.      Абдуллаева Арайлым Абдуллақызы  – 338-70-58 (ішкі: 75-85)