Тоқта диабет!




08.01.2016

2015-2016 оқу жылында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –де «Тоқта диабет!» атты республикалық волонтерлық жоба.

Осы республикалық жобаға университеттің жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері мен  кафедралардың профессор-оқытушылық құрамы қатысуда.  Бұл жобада 5-6 студенттерден құралған екі топқа  1 оқытушыдан бекітілген. Студенттер өзара лидерлер 8-топқа Шакен Қалампырды, ал 7-топ Әубәкір Нұртасты сайлады. Сол екі 7-8 топтың жетекшісі болып коммуникативтік дағдылар, психотерапия негізі, жалпы және медициналық психология кафедрасының аға оқытушысы  мен, Жаканова  Тоты Аманкасқызы бекітілдім. Қазанның 23-де Даңқ залында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен старт басталды.

Міне, содан бері екі ай ішінде волонтерлармен Алматы қаласының №33 мектеп-лицейінде, №93, №167 орта мектептерде қызу жұмыс жүргіздік. Осы бағдарлама жөнінде мектеп директорлары хабарлама алғаны жайлы айтып, мұғалімдерге және мектеп қызметкелеріне скрининг жүргізуімізге көмектесті. Осыдан кейін жас ерекшеліктеріне қарай әр сынып оқушыларына  диабет жайлы слайд көрсете отырып түсінік бердік, олардың қатысуымен «Диабетті алдын-алу, бұл салауатты өмір салты» атты спорттық жарыстар, плакаттар конкурстарын ұйымдастырдық. Ал 8-9-10 сынып оқушыларымен «Диабетте жеңе отырып өмір сүр!» атты тренинг өткізіліп, және оған волонтерлармен Қант диабеті диогнозымен бир студент қатысты. Жоба соңында Флеш-моб өткізілді және оқушыларға анкета жүргізілді. «Абайла, диабет қасымызда» бағдарламасы  кезіндегі жұмыс көрсеткіштері есте қалды.

волонтеры ТА (1) волонтеры ТА (2) волонтеры ТА (3)