УНИВЕРСИТЕТ КҮНДЕРІ-2013 БАҒДАРЛАМАСЫ




07.11.2013

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медициналық Университеті

 

Университет күндері – 2013

 

 «Әлемде денсаулық сақтау мен медициналық білім беруді дамытудың заманауи үрдістері. Халықаралық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер» атты

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның

 

Шақыруы мен Бағдарламасы

2012 ж., 2-4 желтоқсан

Алматы қ-сы

 

Әріптестеріміз бен серіктестерімізге!

 

 

Құрметті __________________________________________________________________!

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті ұжымы жоғарғы білім саласында тығыз және жемісті ынтымақтастықтарыңыз үшін, медицина, денсаулық сақтау және фармация саласында білікті мамандарды дайындауға үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге өз алғысын білдіреді.

2013 жылдың 2-4 желтоқсан аралығында ҚазҰМУ-да дәстүрлі «Университет Күндерін» өткізеді, оның мақсаты әлемнің медициналық ғылым және тәжірибе жетістіктеріне Қазақстанның медициналық қоғамын араластыру, шетелдік серіктестермен бірлескен ғылыми-білім беру қызметін өрістету, кәсіби қауымдастық өкілдерімен, өз түлектерінің жұмыс берушілерімен және тікелей түлектердің өздерімен Университеттің тығыз байланысын қолдау болып табылады.

Осыған байланысты Сізді және Сіздің қызметкерлеріңізді «Әлемде денсаулық сақтау мен медициналық білім беруді дамытудың заманауи үрдістері. Халықаралық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.

Конференцияның бірінші күні Ұлыбританиядан, АҚШ пен Оңтүстік Кореядан келген әлемге танымал ғалым-дәрігерлер сөз сөйлейді, серіктестер мен бітірушілерге жұмыс берушілермен екі дөңгелек үстел ұйымдастырылады. «Факультеттік оқылымдар» бағдарламасы 19 тақырыптық конференцияларды, 6 дөңгелек үтелдерді, 3 шебер-класстарын, биоэтика бойынша симпозиумды, патофизиологтардың І Еуразиялық съезін қамтиды.   Үш күндік оқиғалар кезеңінде университет аймағында әртүрлі студенттік іс-шаралар, сайыстар, байқаулар мен көрмелер өтеді. Конференцияға АҚШ-тан, Германиядан, Италиядан, Испаниядан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Вьетнамнан, Түркиядан, Грузиядан, ТМД елдерінен келген визитинг-профессорлар мен қонақтар қатысады.

Қазақстан Республикасында білім беру сапасын жоғарлату және кәсіби кадрларды дайындауда ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және Университетіміздің қабырғасында Сізбен кездесуге сенім білдіреміз.

 Конференцияны ұйымдастыру комитетінің

төрағасы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

ректоры Айқан Ақанов 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СПИКЕРЛЕРІ

Профессор Vikram Jha (Ұлыбритания)

1Дипломға дейін білім беретін медицина мектебінің директоры, Liverpool Университетінің және Ұлыбритания денсаулық сақтау қызметі Ұлттық Қоры жанындағы Liverpool Әйелдер ауруханасының құрметті акушер-кеңесшісі. 2009 жылдан бастап кәсіби медициналық білім беру бойынша Oxford Академиясындағы медициналық білім беру бойынша Кеңесшілер Тобының мүшесі. King’s College London, Peninsula және Sheffield Медицина мектептерінің сыртқы емтихан алушысы. Білім берудегі көптеген ұлттық зерттеу гранттарының, оның ішінде 2012-2013 жылғы Ұлыбритания Медициналық ғылымдар Академиясының INSPIRE грантының иегері. Ұлыбритания студенттерінің оқу бағдарламаларын жақсартуға бағытталған Ұлттық зерттеулерінің белсенді қатысушысы

 

Профессор Joon-Shik Shin (Оңтүстік Корея)

2«Jaseng» шығыс медицинасы Орталығының және осы аттас Медициналық қордың Басшысы. 7 емдік дәрі-дәрмек патентінің иегері. Азаматтық еңбектері үшін  екі рет Корея Республикасы президентінің марапатына ие болды, ал 2007 жылы Дейл Карнеги Қоры доктордың атқарған еңбектерін «Корея көшбасшысы» мақтау қағазын беру арқылы атап өтті. Ол KOHMA (Korean Hospital Medical Association) Корей Ауруханалары Медициналық Ассоциациясы басқармасының Президенті, Чуна Корей мануальдық медицина қауымдастығы басқармасының Президенті, Кореяның қартаюға қарсы шығыс медицинасы қауымдастығы басқармасының Президенті, Кореяның созылмалы ауруларды емдеу қауымдастығының Вице-президенті, Кореяның нашақорлықпен күрес бойынша ассоциясиясы директорлар кеңесінің мүшесі

 

Профессор Michael Z. Wincor (АҚШ)

3Southern California Университеті Сыртқы Бағдарламалар бойынша деканының орынбасары. Психатриялық фармация бойынша сертификатталған маман. Гранттық бағдарламалардың Ұлттық эксперті және клиникалық фармакология, ұйқысыздық мәселелері бойынша кеңесші әрі дәріскер.

Соңғы бес жылда төрт рет Университетттің «Жыл профессоры» атағына ие болды

 

 

 

 

УНИВЕРСИТЕТ КҮНДЕРІ-2013   БАҒДАРЛАМАСЫ