Университетіміздің ардагерлеріне көмек көрсету бойынша«Мейірім»волонтерлық жобасы бастау алды




25.02.2015

Университетіміздің ардагерлеріне көмек көрсету бойынша«Мейірім»волонтерлық жобасы бастау алды

2015 жылдың 23 ақпанында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жетекшілігімен, ҚазҰМУ ардагерлер Кеңесімен бірлесе (төрағасы Жумакова Турсын Абдыкашевна) және «Мейірімді жүрек» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен Университетіміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері және еңбек ардагерлеріне көмек көрсету бойынша «Мейірім» волонтерлық жобасы бастау алды.

Волонтерлер Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қызметкерлерімен бірге ардагерлерге барды.

Студенттер үлкенықыласпен ардагерлерге көмек көрсетті. Волонтерлық жобаның қатысушыларыардагерлерге үй шаруасындағы жұмыстары бойынша көмектесті және ардагерлермен тілдесіп, әңгімелесе рухани қолдау көрсетті. Ардагерлер қуана студенттерді қабылдап, олармен тілдесіп, өз ақыл-кеңестерін берді.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған аталмыш жоба 2015ж. жыл бойынша өткізіледі.

«Мейірім» волонтерлық жобасының мақсаты студенттер бойынан адамгершілік, үлкенге құрмет, тарихты құрметтеу, ізгілік қасиеттерді дамыту болып келеді. Әрине, ардагерлерге көмек – студенттер үшін үлкен абырой, мақтаныш.

Жобада барлық факультеттердің студенттері қатысуда.