Университетіміздің визитинг-профессоры әрі құрметті профессоры Орвилл Брюс Адамстың семинары өз мәресіне жетті




24.02.2014

2014 жылдың 21 ақпанында Қ.Қожақанов атындағы Практикалық дағдылар орталығының конференция залында профессор Орвилл Брюс Адамстың «Ауруханалық менеджменттің тұжырымдамасы мен тәсілдері» тақырыбына арналған семинары аяқталып, «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерімен ҚазҰМУ оқытушыларына сертификаттар табыс етілді. Сертификаттарды салтанатты тапсыру шарасына академиялық жұмыстар департаменті директорының орынбасары  Славко Е.А., жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Г.Н.Бейсегулова қатысты. Тыңдаушылар бір ауыздан семинардың қызықты өткенін баяндап, ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар тыңдаушылар профессорларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта визитинг-профессордың семинарына тағы да қатысқысы келетіндіктерін айтты.