Университетті дамыту институты




29.04.2014

 

29 сәуір 2014 ж. Университетті дамыту институты және Дипломнан кейінгі білім берупроректораты Кенгхи университетінің медициналық орталығының делегациясымен кездесу ұйымдастырды (Оңтүстік Корея, Сеул қ.). Корея өкілдерінің алдыңғы сапары наурыз айында болған еді.
Кездесу аясында Кенгхи университетінің медициналық мектебінің профессоры, Денсаулық сақтау медициналық орталығының профессоры Чё ҚазҰМУ ректоры профессор А.А.Ақановпен, проректор Ф.Н.Нурманбетовамен, УДИ директор орынбасары С.С.Сарсенбаевамен, фармацевтика факультетінің деканы У.М.Датхаевпен және ДКББИ директоры профессор О.К.Дарменовпен кездесті.  Фармация бойынша ынтымақтастықты дамыту, оқытушылармен алмасу және клиникалық оқытушыларды оқыту аясында ынтымақтастық туралы келісім-шарты талқыланды. Дәл осы күні профессор Чё  Аллергиялық ринит бойынша дәріс оқыды және Кенгхи университеті туралы презентация көрсетті.