В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығы ашылды




19.12.2012

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Тестілеу орталығының негізінде «В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығы» салтанатты түрде ашылды. Орталық университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен (№4 хаттама, 27.11.2012ж.) Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті жанынан бақылау-өлшеу құралдарын әзірлеу және оларды негіздеу мақсатында құрылды. Орталыққа педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогические измерения» ғылыми-педагогикалық журналының редакторы Вадим Сергеевич Аванесовтың есімі берілді.

В.С.Аванесов атындағы педагогикалық өлшемдер орталығын университет ректоры А.Ақанов ашты, салтанатты шараға проректорлар Қ.А.Төлебаев, О.М.Мырзабеков, ОӘЖД директоры М.А.Абирова, оқу департаменттерінің директорлары, декандар, құрылымдық бөлімдердің бастықтары қатысты.

 

Оқу-әдістемелік департаменті