Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан




14.05.2018

2018 жылдың 12 мамырында «Шет тілі және кәсіби шет тіл» кафедрасының оқытушылары Байқанова Н.Қ. және Сыдықова Қ.Ж. №7 жатақханада «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» тақырыбына жалпы медицина факультетінің 14-052-1 және 14-049-1  топтарымен іс-шара өкізді.

Іс-шараның мақсаты: «Достық», «Бірлік», «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Ынтымақ»  құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Іс-шараның міндеттері:

  • Сыйлық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту,
  • Өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту,
  • Өзара достыққа, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ҚР рәміздерінің суреттері, презентация, плакат, видеоматериалдар, проектор, нақыл сөздер.

Іс-шара барысында 1 мамыр мерекесінің шығу тарихы мен Қазақстанда туратын ұлттар достастығы туралы презентациялар және видео болды. Бірлікті насихаттайтын көрініс қойылды. Қай ұлттың әуені екендігін табатын ойын ұйымдастырылды. Студенттер арасында мақал-мәтел жарысы өтті. Қорытынды кезеңінде студенттер әр ұлттың өлеңдерінен папурри орындады. Тәрбиелік іс-шараға кафедра меңгерушісі: Сулейменова О.Я. және кафедра оқытушылары мен 14-050-1, 14-050-2, 14-052-2 топ студенттері қатысты.