«Үздік аудармашы» байқауының жеңімпазы




10.04.2013

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес мемлекеттік тілде іс жүргізетін аудармашы мамандар арасында «Үздік аудармашы» қалалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты құжаттарды қазақ тілінде рәсімдеудің және мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру болып табылады. Байқау аудандық және қалалық деңгейде өткізілді.

Аталған байқау Алмалы ауданында 2013 жылдың 14 наурызында өткізілді. Байқауға университетіміздің тілдік даярлық орталығының директоры Төлеева Назым Әділбекқызы қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жүлдегерді аудан әкімі С.Құсайынов марапат грамотасымен  марапаттады. Жеңімпаз аудандық байқау жеңімпазы ретінде жалпықалалық «Үздік аудармашы» байқауына жолдама алды.

Дәстүрлі «Үздік аудармашы» жалпықалалық байқауына қаламыздың барлық жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Қаламыздың жеті ауданынан 21 аудармашы маман қатысты. Мамандар аударма ісінің негізгі бағыттары бойынша бес кезеңде (терминдерді аудару, ресми құжаттарды аудару, жарнама мәтінін аудару, көркем аударма, ілеспе аударма) сарапқа түсті. Сайыста Назым Әділбекққызы жүлделі ІІ орынды иеленіп, арнайы дипломмен және ноутбукпен марапатталды.

 Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті