«Үздік тьютор және куратор» номинациясы




25.09.2015

Құрметті  оқытушылар!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Үздік тьютор және  куратор»  номинациясына қатысатын үміткерлердің байқауға белсене қатысуларын сұраймыз.

Үміткерлер төмендегі жүлде бойынша бағаланады:

  • «Ең үздік академиялық топ тьюторы/ кураторы»;
  • «Студенттерді ғылыми жұмысқа  баулығаны  үшін»;
  • «ЖОО студенттерін әлеуметтендіру бағытында жасаған әдістемелік нұсқаулары үшін»;
  • «Студенттерді шығармашылыққа және салауатты өмір салтына баулығаны үшін»;
  • «Студенттер арасында еріктілікті дамытқаны үшін».

Байқауға тиісті құжаттар  2015жылдың  24-қыркүйегінен бастап қазан айының 23-не дейін факультет деканаттарында қабылданады.

Байқауға қатысу критерийлер мен қосымша ақпараттар факультет деканаттарынан және университеттің ресми сайтынан (http://kaznmu.kz. сілтемесі арқылы) білуге болады.

(ҚазҰМУ өмірі         Әлеуметтік-тәрбие жұмысы        Ереже).

Байқау жеңімпаздары оқу орнымыздың дәстүрлі «Университет күндері» мерекелік іс-шарасы аясында  салтанатты түрде арнайы  сыйақымен  және дипломдармен марапатталады.