Жалпы медицина факультеті түлектер аллеясының ашылуы




05.05.2014

2014жылдың сәуір айының 30 жұлдызында жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері Әл-Фараби алаңына 2014 жылғы  университет тарихында тұнғыш рет 18.04.2014 жылы жалпы медицина факультетінің 5 курс белсенді студенттері отырғызған  «Жалпы медицина факультеті түлектер аллеясының»  ашылуы болды.

Әрбір өткен күн тарих. Осы өткен күндерге қарап университетіміздің күннен күнге көркейіп,жаңарып келе жатқанына баршамыз куәгерміз. Бұл жаңару біздің қазақ медицинасының қара шаңырағы болып саналатын

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетіне бірінші курс студенті болып түскен күннен бері көз алдымызда жүріп жатыр. Осынау университетіміздің көркейіп,жаңаруына бізде өз үлесімізді қосып отырмыз.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа

Айналсын аллея қоныс тұрағыңа,

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ

Бөленіп күннің нұрлы шуағына

Түлектен қалған табиғатқа бір қарап

Осылайша сырласады, Жер-Ана

Университетіміздің көркейуіне кішкентай болсада өз үлесімізді қоспай түлеп ұшып кету дұрыс болмас деп шешіп түлектер аллеясын отырғызуды шештік. Бұндай ізгі істер осымен тоқтап қалмай бұдан әріде жалғасын табады деген сенімдеміз!

                                                                     Жалпы медицина факультетінің

5 курс студенті Сәрсен Перизат