Жарқын бейне




08.04.2019

Қазақ тілі кафедрасының доценті Ж.Т.Исаева мен аға оқытушылар Ғ.Ж.Тұңғышбаева және Т.Б.Қастееваның 2018-2019 оқу жылы ІІ жарты жылдығында өткізген «Жарқын бейне» атты Әбділда Тәжібаевтің 110-жылдығына арналған әдеби- танымдық кеші

2019 жылы сәуірдің 05 күні І курс студенттерімен «Жарқын бейне» атты Әбділда Тәжібаевтің 110-жылдығына арналған әдеби – танымдық кеш өткіздік. Кеш қонақтары ретінде деканат және тәрбие департаменті қызметкерлері және қазақ тілі кафедраларының оқытушылары, І курс студенттері шақырылды.
«Жарқын бейне» атты Әбділда Тәжібаевтің 110-жылдығына арналған әдеби – танымдық кештің мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың асыл мұраларын жас ұрпақтың санасына сіңіру, қазақ поэзиясын дәріптеу, қазақ ақын жазушыларының шығармашылығын кейінгі ұрпаққа аманаттау.
Кеш барысында Қазақ халқының көрнекті ақыны, драматургі, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығына арнайы дайындалған слайдтар көрсетіліп, әдеби-танымдық кеште поэзия әлеміне саяхат жасалды. Кеште ақынның әсем әндері орындалып, өлеңдері оқылып, тамылжыған билер тарту етілді. Әбділда Тәжібаевқа байланысты видео, слайдтар көрсетіліп, буклеттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар мен қабырға газеттері ілінді. Кеш жоғары деңгейде өтті.