Жастар Денсаулық Орталығының ашылу салтанаты




14.12.2010

DSC_4257 DSC_4264

30 қараша күні Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына орай Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мәжіліс залында Жастар Денсаулық Орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

Оған академик Т.Ш. Шарманов, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор А.А. Ақанов, салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығының директорының орынбасары Ш. С. Қаржаубаева, ЮНИСЕФ өкілдері Г. Ли, С. Карпов, қалалық №10 емхананың бас дәрігері А. А. Абуталипова, оқытушылар құрамы, Университеттің жастар ұйымдары, ТОП-100, Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік үкімет мүшелері, 1-2 курс магистранттар, докторанттар, студенттер қатысты.

Салтанатты шараны Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры, профессор Қ.А. Төлебаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, көпшілікті Орталықтың тұжырымдамасымен таныстырды.

Өз кезегінде академик Т.Ш. Шарманов бұл шараның маңыздылығына мән беріп, қазіргі кездегі адамзат денсаулығына тиімді тамақтанудың тигізетін әсері мол екенін, алдағы уақытта Орталықтың осы бағытта да белсенді жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Университет ректоры, профессор А.А. Ақанов Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің атқарып жатқан шараларына оң бағасын беріп, Орталықтың жұмысына сәттілік тілей отырып бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сөз алған Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығының директорының орынбасары Ш.С. Қаржаубаева, ЮНИСЕФ өкілдері Г. Ли, С. Карпов, қалалық №10 емхананың бас дәрігері А.А. Абуталипова Орталық жұмысына табыс тілеп, алдағы уақытта бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар Жастар Денсаулық Орталығы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанынан Қазақстан Республикасындағы медициналық ЖОО-мен әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ашылған «Қысқы мектеп» тыңдаушыларына және Алматы қаласында жұмыс жасап жатқан 3 Жастар Денсаулық Орталығына жаттықтырушылар дайындау мақсатында университеттің жастар ұйымдары, ТОП-100, Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік үкімет мүшелері, 1-2 курс магистранттар арасынан

Ø Тұлғааралық ойлау дағдыларын қалыптастыру»;

Ø «Репродуктивті денсаулық. Жүріс-тұрыс тәуелділік факторларының алдын алу»;

Ø «Дұрыс тамақтану және семірудің алдын алу» модульдері бойынша

м.ғ.к., доцент Г.Е. Аимбетова, м.ғ.к., доцент У.А. Абдукаюмова, м.ғ.к., доцент А.Б. Бужикееваның жүргізуімен «Денсаулықты нығайту бойынша жаттықтырушыларды оқыту» атты тренингтік шаралар өтті.

DSC_4273   DSC_4287