Жазғы мектеп аясында өткен «Медициналық қазақ тілі: терминдер және оның құрылымы» атты семинар




29.06.2016

2016 жылы 13-25 маусым аралығында жазғы мектеп аясында Кәсіби тілдерді дамыту оқу департаментінің және Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің ұйымдастыруымен «Медициналық қазақ тілі: терминдер және оның құрылымы» атты семинар болып өтті. Семинарда қазақ тілі кафедрасының доценттері Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы (жалғастырушы топқа),   Исаева Жанар Тұрсынбайқызы(орта топқа)  сабақ өткізді.

Жалғастырушы топ тыңдаушылары дәстүрлі медицина терминдерінің қазақша сөйлеу тіліндегі баламалары туралы мағлұмат алып, қазақ тіліндегі медициналық терминдердің жұмсалым нормасына қатысты мәселелерді ортаға салды.  Сондай- ақ, әдеби тіл және диалект сөздер, қазақ тіліндегі медициналық шектеулі тіркестер, медициналық тіркестердің лексикалық құрамы туралы және тілдік қолданыстағы жаңа медициналық терминдердің жұмсалуы (әр салалар бойынша) туралы талқыланып, тыңдаушылардың өз мамандығына қатысты терминдердің қолданылуы мен жасалу жолдарына басымдық берілді.

Орта топ тыңдаушылары кәсіби сөздер, оларды дұрыс қолдануға қатысты мәселелер туралы мәліметтер алып, өз мамандығына  байланысты науқас пен дәрігер арасындағы сұхбат түрлері ұйымдастырылды

Семинардың соңында тыңдаушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері семинардың жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификат берілді.