ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ




04.03.2014

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

                Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы бойынша университетіміздің оқытушы-профессорлары жеңімпаз атанып, мемлекеттік грантқа ие болды. Олар:

  1. Кенесариев Үсен Исмаилұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының меңгерушісі;
  2. Датхаев Убайдилла Махамбетұлы – фармация ғылымдарының докторы, профессор, Фармация факультетінің деканы.

 

2013 жылы конкурсқа 92 ЖОО-дан 555 адам қатысты. Конкурстық іріктеу нәтижесінде еліміздің 63 жоғары оқу орнынан «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге 200 үміткер анықталды. Олардың ішінде 46% ғылым докторлары болса, 50% – ғылым кандидаттары.

 

Грант ЖОО оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында жеңімпаздарды салтанатты құттықтау рәсімі Алматы қаласында өткізілді.

Университет басшылығы және оқытушы-профессорлар ұжымы жеңімпаздарды құттықтай отырып, кәсіби жетістіктер тілейді.

 

 

Академиялық жұмыстар департаменті

IMG_1427 Кенесариев фото25

сертификат ДатхаеваСвидетельство Кенесариев