«ЖОҒАРЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ» атты оқыту семинары




06.02.2015

«ЖОҒАРЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ» атты оқыту семинары

 

            2015 жылдың 31 қаңтарында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)  Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының базасында Қазақстан Республикасының ЖОО және колледждерінің аккредиттеу мен рейтингке жауапты тұлғаларына «Жоғары, техникалық және кәсіби білім беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі» атты оқыту семинарын өткізді.

            Семинардың спикерлері (АРТА сарапшылары):

  1. Сейдахметова Римма Ганиевна – филология ғылымдарының докторы, Аккредиттеу кеңесінің төрайымы, АРТА-ның ғылыми кеңесшісі (Астана қ.).
  2. Шункеев Қуанышбек Шункеевич – физикалық-математикалық ғылымдардың докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің ғылыми орталығының директоры, FIBAA халықаралық агенттігінің сарапшысы (Ақтөбе қ.).
  3. Уалханов Байжан Нурбаевич – техника ғылымдарының кандидаты, ҚР БжҒМ Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығының директор орынбасары (Астана қ.).

 

Семинар Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныңректоры Б.Н.Нүсіпжанованың алғы сөзімен ашылды және мына тақырыптарды қамтыды:

Түскі үзіліске дейін:

  • «Жоғары, техникалық және кәсіби білім беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі»Сейдахметова Р.Г., Аккредиттеу кеңесінің төрайымы;
  • «Мамандарды даярлау деңгейі және бағыттары бойынша ҚР ЖОО-сын саралау әдістемесі»және «ҚР ЖОО-сын саралау бағдарламасын электронды толтыру бойынша тренинг»Шункеев Қ.Ш., АРТА-ның сыртқы сарапшысы;
  • «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын рейтингтеудің болашағы»Уалханов Б.Н., ҚР БжҒМ Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығының директор орынбасары.

Түскі үзілістен кейін:

  • «Саралаудың компьютерлік бағдарламасын толтыру бойынша кеңестер» және «АРТА рейтингісінің 2014 жылғы қорытынды нәтижелері негізінде компьютерлік саралауды көрсету»Шункеев Қ.Ш., АРТА-ның сыртқы сарапшысы.
  • Семинар тақырыптары бойынша пікір алмасу.Саралауды жақсарту үшін ұсыныстар беру.

Семинарға Қазақстан Республикасының ЖОО және колледждерінің аккредиттеу мен рейтингке жауапты тұлғалары қатысты.

Сонымен қатар, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері: Юсупов Р.Р., Х.Насыбуллина атындағы ПШМ директоры, Қилыбаев Т.Б., БСЗБжМБРҒН орталығының директоры, Қаржаубаева А.М.,  БСЗБжМБРҒН орталығының аккредиттеу және рейтинг бойынша аға әдіскері қатысты.

Түскі үзіліс барысында Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен семинардың қатысушыларына арналған көрме өткізілді.

Семинар жұмысын Аккредиттеу кеңесінің төрайымы Р.Г.Сейдахметова қорытындылады және қатысушыларға Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сертификатын табыстады.